+7 771 367 63 68

KZ RU

Іс-шаралар

28 Қараша 2024
"№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ "Әжемнің тағылымды әңгімесі" атты әжелермен сырласу кеші өткізілді.
Іс-шараны тәлімгер Б.Тлепова мен қыздар ұйымының жетекшісі Ы.Әзімбек және 5"б"сынып тәрбиешісі Н.Билібаеваның ұйымдастыруымен 5-9 сынып қыздарының қатысуымен өткізілді.
⚜️Сырласу кешіне
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауыл округы әжелер алқасының төрайымы Б.Исмайлова мен әжелер алқасының мүшелері қонаққа келіп қатысты.
Іс- шарада қыздар туралымақал-мәтелдер, нақыл сөздер, әндер айтылып, мың бұралған бишілеріміз "Оймақтар" биімен әжелердің көңілінен шықты.
Осы тұста Төлбасы әже қыз баласы киген киімі мен, тазалығымен, сөйлеген сөзімен әдепті екендігін айтып, Лескүл әже қыз баласының даналығы ер азаматтың алдын кесіп өтпеу керектігі, үлкендерге мейірімді болуды түсіндіріп, балаларға әкелген сыйлықтарын табыстады. Сыр-сұхбат соңында мектебіміздің директоры А.Юсупова келген әжелерге деген жылы лебізін білдіріп, сыйлықтар табыстады.
28 Қараша 2024
Түркістан облысының білім басқармасының "№11 санаториялық мектеп- интернаты" КММ
7«А» сынып тәрбиешісі Анипа Алибаеваның 19.11-29.11.2024 жылы аралығындағы «Бала бақыты — Әлем нұры» атты тәрбиешілер апталығындағы өткен Отбасы— тәрбие бастауы» ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты:
Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту және отбасындағы өзара сыйластық қарым- қатынас дағдыларын дамыту, отбасына деген сүйіспеншілікке, отбасы мүшелеріне қамқор болуға тәрбиелеу.
Міндеті:
Отбасы сөзінің мағынасын, отбасы мүшелері арасындағы туыстық қарым-қатынастың қандай болу керектігін білу керектігін ұғындыру.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім, пайдасын көре тұра тексермедім, ер жеткен соң түспеді уысыма, қолымды мезгілінен кеш сермедім деп Абай Құнанбаев атамыз айтқандай бала тәрбиесіне қатты көңіл бөлеміз құрметті ата аналар!
25 Қараша 2024
“№11 санаториялық мектеп- интернаты” КММ 2 “б” сынып тәрбиешісі Наушабекова Ләззат “Көкөніс дәрумендер-денсаулық кепілі” атты тақырыпта, ашық тәрбие сағатын өтті.
Мақсаты: оқушыларға дәрумендердің ағзадағы рөлі және дәрумендер жетіспегеннен болатын аурулар, көкөністердің пайдасы туралы білімдерін жетілдірумақсатында ізденуге, тез ойлауға, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу.
Дамытушылық: Оқушылардың бойына адамгершілік, табиғатты аялай білу керек екенін сіңіру.
25 Қараша 2024
"АТА- АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ"
⚜️"№11 санаториялық мектеп- интернаты"КММ-де 2024 жылдың 22 қараша күні 9"Б" сынып ата-аналарына тәрбиеші Қыдырбаева Нұргүл және сынып жетекшісі Досыбекова Гүлназ ұйымдастыруымен “Баланың бас ұстазы ата-ана” тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді.
🌷Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. 2024-2025 оқу жылының І тоқсан қорытындысы, мектептің ішкі тәртіпережесі
2. “Балалардың қауіпсіздігі-маңызды мәселе” тақырыбындағы қауіпсіздік ережелерімен таныстыру
3. ⁠Түрлі мәселелер ( техника қауіпсіздігі, жол қауіпсіздігі, оқушылардың үйірме, секцияларға қатысуы, және т.б.)
Ата-аналар жиналысының көздеген басты мақсаты - бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналар мен бірлесе қарастыру болды.
Жиналыс барысында ата-аналар жақсы көңіл күйде ойындар ойнап, сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасу болды. Жиналыс ата-ана мен кері байланыс форматында жүргізілді.
“Ата-аналарға тілек” , “Болашақта балаңның қандай болғанын қалайсың” тренингін жүргізді. Ата-ана өз баласының білім сапасының деңгейін, тоқсандық оқу қорытындысын, бала қауіпсіздігін, тәрбие жөніндегі жетістіктері туралы жеке мәлімет ала білді. Ата -аналар мектепке қатысты сұрақтарын қойып,көңілдеріне қонымды жауаптарын алып, ұжымға толағай табыстар тіледі.
24 Қараша 2024
«№11 санаториялық мектеп-интернаты» КММ. 4 «А» сынып тәрбиешісі Дәулетбекова Айдана «Денсаулығы ғаламның – денсаулығы адамның» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларды еліміздің табиғатында болып жатқан өзгерістер туралы мағлұмат беру .
2) Табиғатты қорғауға, аялауға, қамқор болуға үйрете отырып экологиялық тәрбие беру.
3) Салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, денсаулықтың құндылығын, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерденаулақ болуға үйрету;
24 Қараша 2024
№11 санаториялық мектеп- интернаты.КММ. 4 "б" тәрбиешісі Шынжигитова Аксауле, спорт нұсқаушысы Салибеков Болат екеуі
Өскелең ұрпаққа тәрбиенің қайнар көзі болған Қазақтың Ұлттық құндылықтарының мазмұнын тереңінен ұғындыру, соның ішіндегі ұлттық ойындардың ерекшеліктері мен мән мағынасын кеңінен насихаттау мақсатында
«Ұлттық ойын - ұлт мұрасы» атты тақырыпта Танымдық сайыс сабақ өтті.
•Мақсаты:
•оқушыларды ептілік пен жылдамдыққа үйрету
•мергендік пен дәлдікке
•алғырлық пен өжеттілікке
• Салауатты өмір сүруге машықтау.
Оқушылар ұлттық ойындарды өздері ойнап көріп, оның тарихынанда ақпарат алып, керемет әсерде болды.
21 Қараша 2024
“№ 11 санаториялық мектеп-интернаты”КММ
- “ Игі істер марафоны” жобасы аясында “Үйірменің үйретері көп” атты тақырыпта мектеп оқушылары кіші футболдан 6 - 7 сыныптар арасында К. Қарсыбаев мектебінің оқушыларымен оқу-жаттығу жиыны және жолдастық кездесу болып өтті.
- ⁠Мақсаты:
- ⁠Оқушыларды футбол спортына баулу.
- ⁠Футбол спортын кеңінен насихаттау.
-⁠Достық қарым-қатынасты нығайту.
Ойын соңында үздік ойын көрсеткен жас спортшыларға мектеп әкімшілігі атынан арнайы грамоталар табысталды.
20 Қараша 2024
Олимпиада өтті🥇🥈🥉
"№11 санаториялық мектеп - интернаты" КММ- де
11 қарашадан 15 қараша аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5-9 сыныптар арасында мектепшілік олимпиада өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың пәндік білімдерін тереңдету, оқу-танымдық қабілеттерін ынталандыру, дарынды балаларды анықтау.
Олимпиадаға әр сыныптан оқушылар қатысып , білімдерін сынады. Қатысушылардың жұмыстары іріктеліп, үздік оқушылар таңдап алынды. Озық шыққан дарынды оқушылар марапатталды.
19 Қараша 2024
ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ
«№11 санаториялық мектеп-интернаты » КММ-де 2024-2025 оқу жылының 19- қарашасында "Біртұтас тәрбие"бағдарламасы аясында 5-9 сынып қыздарымен мектепішілік қыздар ұйымы II тоқсанның алғашқы қыздар жиналысы болып өтті.
✅️Мақсаты:
Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, қазақ халқының ұлттық болмысын сақтай отырып, қыздарға жат қылықтарды ажырата білуге, олардың денсаулығына, тәрбиесіне келтіретін зияны туралы түсінікберу, олардың ішкі және сыртқы жан дүниесінің әдемі болуына шақыру.
🔰Жиналыс барысында мектеп қыздарына:
1."Қыз бала тәрбиесі-халықтың ең қымбат байлығы" атты тақырыпта қыздар ұйымының жетекшісі Ы.Әзімбек пен тәлімгер
Б.Тлепова айтып өтті.
2."Ерте жүктіліктің алдын алу " жайлы мектебіміздің дәрігері С.Ташимбетова және медбикелер К.Прназарова мен А.Молдағалиева сөз сөйледі.
3."Бұрымды қыз" 5-9сынып қыздары арасында өнерлі қыздар сайысы болып өтті. Қыздарымызды тәлімгер Б.Тлепова мен Ы.Әзімбек марапаттады.
Қорытындысында қыздар бір-біріне жылы сөздерін білдіріп, кері байланыс жасалды.
17 Қараша 2024
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» - акциясы аясында сенбілік өткізілді. ♻️
Түркістан облысының білім басқармасының "№11 санаториялық мектеп- интернаты" КММ-де 2024 жылдың 16 қараша күні «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды.
🍃Сенбілікті өткізудегі басты мақсаты – мектеп ауласындағы тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға бағыталды.
Барлығы: 185
<< 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 .. 19 >>
Политика конфиденциальности
Рейтинг@Mail.ru
Данный сайт использует файлы cookie и прочие похожие технологии. В том числе, мы обрабатываем Ваш IP-адрес для определения региона местоположения. Используя данный сайт, вы подтверждаете свое согласие с политикой конфиденциальности сайта.
OK