+7 771 367 63 68

KZ RU

Іс-шаралар

19 Қыркүйек 2024

Түркістан облысының білім басқармасының "11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ де "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында ата-аналарды педагогикалық қолдау жұмыстарын жүзеге асыру бастамалары үшін "Отбасы күні" мерекесіне орай "Отбасы-тәрбиенің алтын бесігі" атты жоспары жасалды.Мақсаты: -Отбасындағы отағасының тәрбиелік орны. - Ата-аналар арасындағы үлгілі отбасыларды насихаттау. - Отбасы-тәрбиенің алтын бесігі, әділет әр шаңырақтың өмір салтына айналу жауапкершілігі әке үшін де, ана үшін де өте жоғары екенін сезіндіру. - Ерлі-зайыптылардың отбасы алдындағы жауапкершіліктерінің теңдігін, жеке бастарын дұрыс ұстаулары. -Отбасындағы бірлік пен ыңтымақты дәріптеу болды. Мектепішілік "Үлгілі отбасы- 2024" отбасылық байқау өткізілді.Байқауға алты отбасы қатысты, қатысушылар түрлі шарттарды орындап, қызылар алқасының қорытындысымен түрлі номинациялар мен сыйлықтармен марапатталды. Әрбір сынып тәрбиешілері " Отбасы-тәрбиенің алтын бесігі" атты челлендж ұйымдастырды және отбасы туралы тәрбие сағаттар өткізді.Қорыта айтқанда; Ұлы ойшылымыз Абайдың: "Адамның адамшылығы ақыл, ғылым,жақсы ата,жақсы ана,жақсы құрбы,жақсы ұстаздан болады",- дегеніңдей гендерлік тендік саясаты да жақсы әке мен жақсы шеше үйлесімінің жүзеге асуын көздейді, оларға отбасы берекесін сақтау жауапкершілігін жүктейді,-деп тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков іс-шараны қорытындылады.

10 Қыркүйек 2024
«№11 Санаториялық мектеп-интернаты » кмм-де ағымдағы 2024 жылдың 10-кыркүйегінде 5-9 сынып қыздарымен мектепішілік қыздар ұйымы биылғы оқу жылындағы өзінің алғашқы жиналысын өткізді.
Әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт -қыздарға берілетін тәлім тәрбие арқылы өлшенеді. Қыздарымыз бұрымды шашымен, инабатты мінезімен, ақылдылығымен, кіршіксіз арымен әрқашан басқалардан ерекшелене білгендігін қыздардың бойына тереңірек сіңіру.
Жиынбарысында ұйымның жаңа мүшелерімен танысу жүргізілді және алдағы оқу жылында өткізілетін іс-шаралар бойынша жоспар құрылды.
Жиналыста қыз балалардың тәрбиесі, мәдениеті, жүріс - тұрысы, сымбаты жайында түрлі кеңестермен таныстырылды. Сонымен қатар гигиеналық талаптардың сақталу керектігі сөз етілді.
Мектепішілік бұл іс шараға мектеп директоры А.Юсупова қатысып, оқушылардың мектеп ережесіне бағына отырып ,ішкі тәртіпті сақтаулары жайлы ақыл-кеңестерін берді .
Жиналыс соңында қыздар ұйымының жетекшілері Г.Курбанова және Ы.Әзімбек қыздарға жылы лебіздерін білдіріп, сабақтарына сәттілік тіледі.
"Еркін микрофон" әдісі арқылы қыздар жиналыс барысында айтылған кеңестерге өз пікірлерін білдіріп, кері байланыс жасады.
05 Қыркүйек 2024
🇰🇿🇰🇿"ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТІЛДЕРІ КҮНІ" 🇰🇿🇰🇿
"№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ
⚜️ 2024-2025 оқу жылында 5 қыркүйек «Тілім менің ғасырларға аманат» тақырыбында таңертеңгілік іс шара болып өтті.
⚜️ Мақсаты: оқушыларды өз ана тілін сүюге, ана тілінде таза сөйлеуге, тілге деген ынталарын жандандырып, тіл біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, өміріміз екенін түсіндіріп, тәрбиелеу.
01 Қыркүйек 2024

"МЕКТЕБІМ- МЕЙІРІМ МЕКЕНІ! " "№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ мектебімізде алғашқы қоңырау соғылды. Салтанатты жиын алғаш мектеп табалдырығын аттағалы тұрған 1 сынып бүлдіршіндерінің ортаға келуімен басталды. "№11 санаториялық мектеп директоры Юсупова Айгуль Мырзалиевна сөз сөйледі. Алдағы оқу жылына табыс, сәттілік тілеп, ашып берді. Түркістан облысы Білім Басқармасының "Облыстық қосымша білім беру дамыту орталығы" "Қазақстан- біздің жалғыз ғана отанымыз" өнер фестивалінде жоғары деңгейде көрсеткені үшін мектеп директоры А.Юсупова, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар О.Салибеков, әлеуметтік педагог Ш.Ташқараева, еңбек пән мұғалімі Б.Ахметов, Ж. Туляева, тарих пән мұғалім Б.Тілеуова, дене шынықтыру пән мұғалім А.Мырзабаев, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі П.Баубекова, тәрбиеші А.Балғынбаева, музыка нысқаушысы Б.Бердімбетов марапатталды. Мектебіміздің қонағы полиция аға лейтенанты Абдрахым Абдирашидулы құттықтау сөз сөйледі. Мектебіміздің ата-аналарыда жаңа оқу жылында өз жылы лебіздерін білдірді. Мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған 1-ші сынып оқушылары тақпақтарын айтып, алғашқы қоңырау соқты. Осылайша бүгінгі Алғашқы қоңырау жиыны жақсы көңіл-күймен аяқталды. #мектебіммейіріммекені #интернаткмм #1қыркүйек

01 Қыркүйек 2024

"№ 11 санаториялық мектеп-интернаты"КММ нің АКТ залында 1-қыркүйек Білім күніне арналған "Мектебім-мейрім мекені" салтанатты жиын соңынан әрбір сыныпта, сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен "Жаңа оқу жылы құтты болсын", менің сүйікті сыныбым" деп , оқушыларын , ата-аналарымен бірге қарсы алып, 1-сынып жетекшісі Р.Тасполатова "Мектепке алғашқы қадам" басқандарына құтты болсын айтып, ата-аналармен сыр бөлісті.2-4 сынып жетекшілері Қыпшақбаева А. Айдарова А, Байтурсынова М, Салқанбекова М, Туляева Ж "Мен үшін қымбат-мектебім" тақырыбында оқушыларымен, ата-аналарымен пікір алысты, 5-8 және 9-сынып жетекшілері де оқушыларын , ата-аналарын қарсы алып "Жаңа жетістіктерге жетуге дайынмын!", "Ой.Арман.Мақсат"; толып жатқандығын оқушыларынан естіп, ата-аналарын, ұстаздарын қуантып сыр бөліскен соң ата-аналар, ұстаздар Жалпы ата-аналар жиналысында бас қосты. Жиналыс күн тәртібін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков таныстырып өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша , мектеп-интернаттың күн тәртібі мен ішкі тәртіп ережелері туралы, бес күндік жұмыс күніне өткені жайлы, оқушыларды үйге алып кету, қайтып әкелу жайлы, әлеуметтік көмек көрсету жайлы мектеп директоры А.Юсупова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков, әлеуметтік-педагог Ташқараева Ш баяндап ата-аналарға түсіндірді, сұрақ қойған ата-аналар да жауабын алып қанағаттандырылды. Жалпы ата-аналар жиналысы өз жұмысын аяқтады.

28 Маусым 2024
"МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!" атты бітіруші түлектерге арналған соңғы қоңырау мерекелік іс-шарасы өткізілді...🎉🎉🎉
Түркістан облысы білім басқармасының "№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-де 2024 жылдың 25 мамыр күні "МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!" атты соңғы қоңырау болып өтті.
Міне, тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің бітіруші түлектері бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
Іс-шара барысында мектеп директоры Юсупова АйгульМырзалиевна мерекелік іс-шараны ашып, бітіруші жас түлектерге жүрек жарды ыстық лебізін білдірді. Және де 2023-2024 оқу жылының қорытындылай келіп, апай ағайларды, тәрбиеші апайларды құрмет грамотасымен, алғыс хаттармен марапаттады. Мектебіміздің үздіктері де марапатталды.
Аталмыш мерекеге мектебіміздің ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, деректордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О. Т. Солибеков, Абуова Сара апай ардагер ұстаз, оқу ісі жөніндегі орынбасары Е. Амирбеков жәнеде ата-аналар комитетінің төрайымы Кыстаубаева Маржан, Избасарова Шолпан т.б ата аналар қатысып, бітіруші түлектерге жылы лебіздерін білдірді. Мектебіміздің мың бұралған бишілеріміз билеп, 8 "Б" сынып оқушысы Ерубаева Хадиша "Ұстазым" әнін шырқады. Керемет мерекелік іс-шараның куәсі болды.
Мектебіміздің мақтанышы, "АЛТЫН БЕЛГІГЕ" үміткер алтын ұя мектебі мен ұстаздарға деген ыстық лебіздерін өзі білдірді.
9-сынып түлектері өздерінің қоштасу вальсін билеп, "Қимай тұрмын әнін" шырқап, қимастық сезімін білдірді. Ендеше, бітіруші түлектерімізге сәт-сапар тілейміз! Қанаттарың талмасын, жас түлектер!
28 Маусым 2024

Түркістан облыстық білім басқармасының "№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-і "Бала тәрбиесі - өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер",- деген екен М.Жұмабаев . Түркістан қаласында , облыс оқушылары арасында өткен "ҚАЗАҚСТАН - БІЗДІҢ ЖАЛҒЫЗ ҒАНА ОТАНЫМЫЗ" өнер фестивалінде үздік шығармашылығымен танылған "№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-і БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды. Осындай еңбектің басы, қасында ұйтқы болып жүрген , директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О. Салибековқа БАС ЖҮЛДЕ дипломы мен 300 000 т СЕРТИФИКАТ табыстады Түркістан облысының білім басқармасының "Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы" КММ директоры Бақытжан Қабайұлы

28 Маусым 2024
"Терең тарих, біртұтас тәрбие- жарқын болашақ" тақырыбында облыстық әдістемелік семинар " №11 санаториялық мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 60 жылдық мерейлі асуына орай өтті.
Алпыс жылды артта қалдырған, мерейлі асудағы білім ұясында өткен облыстық семинар "Ұрпақ болашағы-тәрбие мен білімде" атты тәрбие бірлестігінің апталығымен, "Мамыр ынтымақ айымен" тұспа тұс келген "Терең тарих, біртұтас тәрбие—жарқын болашақ" атты облыстық семинардыңмақсаты жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу айы болатын. Түркістан облыстық білім басқармасының "№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-не жалпы адамзаттық және ұлттық болмыс пен ұлттық жаңа сапасын қалыптастыруға негізделген алты құндылықты басшылыққа ала келе, "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы шеңберіндегі "Ұлттық мүдде", " Ар ұят", "Талап" құндылықтарымен сабақтастыра отырып өскелең ұрпақ тәрбиесін жақсарту, іске асыру бойынша, оқу жылында атқарылған жұмыстарды қорытындылау және мектептің 60 жылдық мерейлі тойын атап өтуге 60 тан астам қонақтар келді.
Облыстық семинарда А. Кемелова, Р.Досыбаева, С.Арымбаева, С.Абылхалықова, Б.Ағабеков, А.Сулейманова, Г.Құрбанова, Ж.Сапиева, Л.Наушабекова, Г.Жаппарқұлова ашық сабақтар мен тәрбие сағаттарын өткізгені үшін облыстық білім басқармасының мадақтамасына ұсынылды.
Семинар қорытындысы бойынша мектеп директоры А.Юсупова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков, әр ауданнан келген директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, аудандық білім бөлімінің тәрбие әдіскерлері Б.Орынбаев, Б.Сыдықов, Б.Қыстаубаева, Ж.Арыстанбекова, Б. Талипова, Ф.Тагабаева т.б. сабақтарға еніп, талдау, талқылау жасап тәрбиелік іс-шара, сабақтар мен тәрбие сағаттары өте жоғары дәрежеде өткенін айтып, алғыстарын білдірді.
28 Маусым 2024
Түркістан облысының білім басқармасының "№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-де 24-мамыр күні " Білімім - Отаныма" тақырыбында 1-9 сынып бойынша бірыңғай тәрбие сағатын сынып жетекшілер өткізді. Сынып сағаттарында негізінен патриотизм, отанды сүю, достық, татулық, ел тарихына, саяси репрессия мен аштық құрбандарының есімдеріне құрмет таныту сынды ақпараттар айту, жазғы демалыс кезінде оқу үшін кітаптар, т.б. жазғы демалысты тиімді өткіз туралы болды. Тәрбие сағаттарыәнұранмен басталды. ҚР Оқу-ағарту министрінің жалпыреспубликалық білім алушыларына құттықтау сөзі туралы видиоролик қойылды. Әр сынып жетекші оқу жылында үздік оқыған оқушыларды мадақтама мен марапаттады.
9 а,б-сынып оқушылары "Мен. Мектеп. Ұстаз" тақырыбында мектеп қабырғасындағы балалық шақтан болашаққа қадамы туралы өз ойларымен эссе жазды.
28 Маусым 2024
Түркістан облысының білім басқармасының "№11 санаториялық мектеп-интернаты " КММ-де 3 "А " сынып тәрбиешісі Байтуреева Замзагүл
13.05-23.05.24ж. аралығында "Ұлт болашағы-тәрбие мен білімде" атты тәрбиешілер апталығында 22.05.34ж. күні "Табиғатты аялайық " тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту. Шығармашылық қабілеттерін, табиғатқа жақсылық жасай білу іскерліктерін дамыту, өз ойынеркін жеткізе білуге дағдыландыру. Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүйюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу. Сабақтың көрнекіліктері: табиғат жайлы суреттер, сөз жұмбақ, венндиограмма, компьютер т.б.
Табиғат-бұл өте үлкен ұғым екенін, табиғат асыраушымыз, байлығымыз. Табиғат адам өміріне, адам игілігі үшін жаралған жаратылыстың сыйы екенін кең көлемде жан-жақты айтып өтті. Оқушыларға сабақ соңында табиғатқа тілек айтып, тақтада ілініп тұрған суреттегі тал бұтақтарын кезегімен, басбармақпен түрлі-түске бояды. Осылайша оқушыларға талды гүлдендіру арқылы, табиғатты аялау, қорғау өз қолдарында екенін терең түсіндірді. Сабаққа қатысқан тәрбиеші апайлар Жабаева Майра, Балғынбаева Ақерке өз бағаларын беріп,шығармашылық табыс тіледі.
Барлығы: 185
<< 1 .. 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 .. 19 >>
Политика конфиденциальности
Рейтинг@Mail.ru
Данный сайт использует файлы cookie и прочие похожие технологии. В том числе, мы обрабатываем Ваш IP-адрес для определения региона местоположения. Используя данный сайт, вы подтверждаете свое согласие с политикой конфиденциальности сайта.
OK