Іс-шаралар
Түркістан облысының білім басқармасына қарасты “11 санаториялық мектеп-интернаты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында 16-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған “Тәуелсіздік – ұлттық өрлеу мен рухани жаңарудың ұлы күні” тақырыбында іс-шара өтті. Іс-шара барысында “Мен елімнің өренімің” челленджін “Жұлдыздар” би тобы тамаша орындап шықты. Топ жетекшісі – Г.Курбанова, саз-нұсқаушысы – Б.Бердімбетов






















Түркістан облысы Қазығұрт ауданы «№11 санаториялық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат берілді. Оқушыларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерді сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу мақсатында, «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында 7-8-9 сынып оқушыларымен психологиялық тренинг, қабырға газеттері ұйымдастырылып, өткізілді


Түркістан облысының білім басқармасының "№ 11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ ғимаратында авариялық - құтқару және төтенше жағдайлардан туындаған залалдарды жою, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдағы кезінде басқару, азаматтық қорғау қызметтері мен азаматтық қорғау және "Террористік іс-әрекеттен" қорғалу мақсатында "ДАБЫЛ" қағылды. Оқушыларды оқу-жаттығуға тартылған азаматтық қорғау жоспары бойынша тәрбиеленушілерді, қызметкерлерді қауіпсіз орындарға көшіру,құтқару жұмыстары пысықталып, штаб басшысы А.Юсуповаға сынып жетекшілер баян етті.