Іс-шаралар

















Түркістан облысының білім басқармасының "11санаториялық мектеп-интернаты" КММ де "Ауғанстан соғысы ардагерлеріне құрмет" тақырыбында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай және жастарды патриоттық сезімде тәрбиелеу мақсатында 2025 жылдың 15 ақпанда "11 санаториялық мектеп-интернаты" салтанат залында Ауғаныстан соғысына қатысқан ардагерлерімен кездесу болып өтті.
Бұл кездесуге арнайы ауған соғысының ардагерлері Айдаркулов Талғат, Бейсебаев Көрікбай, Қужатов Бөрібай қадірлі қонағы болып қатысты.
"Ер есімі-ел есінде" дегендей, Қазығұрт ауданынан шыққан Ауғанстан соғысында қаза болған Абдирахим Алпысбаев, Абдысамат Баратов, Абилхасим Муратов, Серік Базаров есімді жауынгер-интернационалистерді еске алу сәтінде барша салтанатты жиынға қатысушылар бір минут үнсіздікпен еске алды.
9"А" - сынып тәрбиешілері А.Сулейманова, Ш.Бердикулова дайындаған тәрбиелік іс-шараны, көріністерді, кино үзінділерін, сахналық қойылымдарды көріп соғыс ақиқатын тағы бір еске алды.
Соғыс ардагерлері сұқбат барысында "Әрбір жүрек елім деп соқсын, Отан алдындағы парызыңды өтеу, мемлекетіңе, еліңе деген сүйіспеншілікті, ұлтжанды сезімді қалыптастыру, арттыру біздің мақсатымыз, сендерден талап етеріміз де осы"-деп сол кезде бізге солай бұйрық берілді, біз орындадық деп әңгіме айтып, оқушылардың сауалдарына Ауғанстан соғысының ардагерлері жауаптарын берді.
Ардагерлерге құрмет көрсетіліп сазды бағдарлама ұсынылып тамашалады.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков ардагерлерді мерекелері мен құттықтап алтын уақыттарын бөліп келгендеріне АЛҒЫС білдірді.
Тәрбиелік іс-шараны 9"А"-сынып ұжымымен дайындаған сынып тәрбиешілеріне, жетекшісі не шығармашылық табыс тіледі.
"Сурет - ертенгі тарих" дегендей, ардагерлермен оқушылар естелікке суретке түсті.
“№11 санаториялық мектеп-интернаты” КММ-де ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне орай “Мұқағали оқулары” өткізілді. Әлеуметтік педагог Шархия Мұхтаровна Ташкараева қамқорлықтағы оқушылармен өткізді. Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны слайдтан көрсетілді. Өз даусымен өлеңдерін тыңдады. М.Мақатаев туралы түсірілген ”Мұқағали. Бұл ғасырдан емеспін…” телекихаясынан үзінді көрсетілді. Мұқағали әндері орындалды. 12 оқушы қатысып, өлеңдерді мәнерлеп оқыды. Ерекше көзге түскен 4б сынып оқушысы Әмірсейіт Әли “Үш бақытым”, 6а сынып оқушысы Әмірсейіт Нұрдана “Ей, өмірім”, 7б сынып оқышысы Давылова Нұрсезім ”Досым, саған сенемін”өлеңдерін мәнерлеп өте әсерлі оқыды. Қатысқан оқушылардың барлығы жатқа Мұқағали өлеңдерін мәнерімен оқып шықты. Кеш өз дәрежесінде өтілді.














