+7 771 367 63 68

KZ RU

Іс-шаралар

15 Сәуір 2025
Өнер фестивалі – 2025
2025 жылдың 14 сәуір күні Түркістан облысы білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыс көлеміндегі мектеп-интернат білім беру ұйымдары арасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын насихаттау мақсатында «Біздің бірлігіміз – болашақтың білімінде!» атты өнер фестивалі өтті. Аталмыш шараны «№11 санаториялық мектеп-интернаты» КММ жоғары деңгейде қабылдап, өз шаңырағында өткізді.
Фестивальге арнайы қонақтар – Түркістан облысы білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің әдіскерлері Айтов Мырзарайым және Көшенов Алмат қатысып, қазылар алқасының мүшесі ретінде өнерпаздарға әділ бағасын берді.
Фестиваль аясында мектеп-интернаттың фойесінде оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық еңбектерінен құралған қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ұлттық нақыштағы бұйымдар, тұрмыстық заттардың креативті үйлесімдері, композициялық жұмыстар және оқушылардың жеке шығармашылық туындылары қойылды. Қазылар алқасы көрменің мазмұнын жоғары бағалап, қатысушылардың ізденісі мен еңбегіне оң пікір білдірді.
Фестиваль бағдарламасы мектеп-интернаттың тәрбиешісі, облыстық «Өнерлі ұстаз – 2021» байқауының жүлдегері Әзімбек Ынтымақ пен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мирзабаев Арманбектің жүргізуімен өрбіді.
Концерттік бағдарлама барысында мектеп ұжымы мен оқушылар көпшілікке өз өнерлерін паш етті. Сахнада:
• Хор ұжымы «Аманат» әнін орындады;
• «Жұлдыздар» би тобы «Ферғананың қыздары» өзбек биін және «Шалқыма» қазақ биін ұсынды;
• 7 “б” сынып оқушысы Иргашбай Ләйлә «Аяулы ана» әнін орындады;
• 9 “б” сынып оқушысы Оразбек Нұргелді «Алаш ұраны» әнімен көрерменді тебірентті;
• «Бала арманы» атты театрландырылған қойылым сахналанды;
• Көркем сөз оқылып, оқушылар өз шығармашылықтарымен бөлісті;
• Халық аспаптар ансамблі, ВИА және жеке орындаушылар өз өнерлерін ортаға салды;
• 3 “а” сынып оқушысы Азодбек Хамидов «Тәуелсіздіктің таңы» әнімен фестиваль шымылдығын жапты.
Фестиваль соңында қазылар алқасы барлық қатысушылардың өнеріне оң бағасын беріп, үздік деп танылған өнерпаздарға мадақтамалар табыстады. Жетекшілерге алғыс білдірілді.
Мектеп директоры Айгуль Мирзалиева және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Омар Тілеуович қатысушылар мен ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, шығармашылық табыс пен сәттілік тіледі. «Бүгінгі сурет — ертеңгі тарих» дегендей, естелік суретке түсіп, ерекше көңіл-күймен тарқасты.
10 Сәуір 2025
🔰Мектебімізде үстел теннисі үйірмесі жұмыс жасауда.
Қазығұр ауданы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің үстел теннистен аға жаттықтырушы Мауленкулов Бегимхан үстел теннисінен үйірме жұмыс жасауда.
Үйірменің мақсаты: Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау, әрі денсаулыққа аса пайдалы спорт түрін кеңінен тарату.
🏓 Үстел теннисі ойынының адам денсаулығына пайдасы өте зор. Атап айтсақ:
1.Үстел теннисін ойнау қол-көз координациясын жақсартады, ақыл-ойды сергітеді
2. Ойлау шапшаңдығын арттырады
3. Мидың саулығын сақтайды және мидың түрлі бөліктерінің жұмысын жақсартады.
4. Буын ауруларына пайдасы өте зор.
🖇Оқушылар үйірмеге өте белсенді қатысып,
аудан көлемінде өтіп жатқан бәсекелерде жүлделі орындардан көрініп келеді
09 Сәуір 2025
“Волейбол” үйірмесі – спорт пен сергектіктің ұштасқан әлемі!
“№11 санаториялық мектеп-интернаты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Мирзабаев Арманбектің жетекшілігімен қыздар арасында “Волейбол” үйірмесі жұмыс істейді.
Үйірме барысында оқушыларға волейбол ойыны туралы жалпы түсінік беріліп, негізгі техникалық әдіс-тәсілдер үйретіледі. Сабақтан тыс дайындық кезінде «Допты жоғарыдан және төменнен екі қолмен қабылдау» тақырыбы аясында жаттығуларөткізілді.
Жаттығулар оқушылардың дене дайындығын арттырып қана қоймай, оларды икемділікке, шапшаңдыққа баулып, ақыл-ойын, ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Үйірме қыздардың салауатты өмір салтын ұстануына, спортқа қызығушылығының артуына және ұжымдық ойын арқылы бірлікке тәрбиелеуге септігін тигізуде
08 Сәуір 2025
«Шахмат» үйірмесі – спорт, ғылым және өнердің үйлесімі!
Шахмат – бұл спорт, ғылым және өнер. Шахмат – ой-сананың белсенділігін талап ететін ойын. Ол кез келген адамды терең ойлауға жетелеп, тапқырлыққа баулиды. Ойлау мен сананың үйлесімді дамуы, уақытты тиімді пайдалану, дұрыс шешім қабылдай білу сынды өмірлік маңызды қасиеттерді бала бойына сіңіреді.
Үйірменің мақсаты – оқушыларды шахматтың шығу тарихымен таныстыру, ойын ережелерін үйрету, теориялық білім беру, сайыстарұйымдастыру, ойын мәдениетін қалыптастыру, ұқыптылық пен тәртіпке баулу, жеке қабілеттерін дамытуға ынталандыру.
Осы мақсатта “№11 санаториялық мектеп-интернаты” КММ-де «Шахмат» үйірмесі жұмыс істейді. Үйірмеде жас шахматшылар фигуралардың жүрісін, олардың салыстырмалы құндылығын меңгеріп, шахмат әлеміне терең бойлап, нағыз интеллектуалды ойынның қыр-сырын үйренуде.
Оқушыларымыз аудандық және облыстық турнирлерде үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болуда.
«Шахмат» үйірмесінің жетекшісі – №1 БЖСМ Қасымбеков Сүндет.
07 Сәуір 2025
"11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-нің Спорт нұсқаушысы Салыбеков Болаттың 7.8.9 сынып оқушыларына арналған "Волейбол" үйірмесі.
🏐 Волейбол спорты қоғамға жат қылықтармен күресуге көмектесетін, ұжымдық және өзара көмек беру сезімдерін жетілдіретін, жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратыны – өмірде белгілі болған қағидалар. Күштілік, төзімділік, жылдамдық, икемділік, сергектік, өмірге деген құштарлық, мықты денсаулық тәрізді сапалы қасиеттер спорт арқылы орнығып, қалыптасады. Волейболшы болу оқушылардың барлығының бірдей мақсаты болмас, бірақ дені сау, қоғамымызға пайдалы азамат болып өсу – бәрінің де парызы.
Мақсаты:
1. Оқушыларды волейбол ойынын үйрету арқылы ойнау деңгейлерін жетілдіру арқылы жоғары деңгейлі спортшыларды дайындау.
2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, допты ойынға қосу және қабылдаудың техникасын және алаңда орналасу тәртібін қалыптастыру.
2.Волейбол ойынының тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру нәтижесінде үйірме жұмысын жандандыру.
3. Түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысу арқылы тәжрибені шыңдау.
✅Тәрбиеленушілеріміз ауданымызда өтіп жатқан турнирлерде жүлделі орындардан көрініп, мектебіміздің намысын қорғап келеді.
01 Сәуір 2025
№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ.
🔰Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты "Ащыбұлақ" жалпы білім беретін мектебінің ұйымдастыруымен "Әз-Наурыз" мерекесіне орай және Ардагер ұстаз Нартбаев Орынбасар Баймұсаұлының 65 жасқа толу мерейтойына арналған волейболдан мекемелер мен білім беру ұйымдарының арасындағы аудан біріншілігінде "№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-нің ер мұғалімдері жүлделі ІІІ орынды иеленіді.


31 Наурыз 2025
🔰"№11санаториялық мектеп- интернаты" КММ.
⚜️«Ұлыстың ұлы күні—Наурыз» мерекесіне орай қазақтың ұлттық ойыны Тоғызқұмалақтан мектепішілік біріншілік өткізілді. "Тоғызқұмалақ - әлемдік интеллектуалдық ойындардың озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік ойын, логикалық ойлау өнері. Бұл өнердің басты қасиеті – адам санасын жетілдіруге ерекше күш салады".
🚩 Ойын мақсаты: —Тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
— Ұлттық ойынға дегенқызығушылықтарын арттыру.
—Оқушылар арасында Тоғызқұмалақ ойынын насихаттау.
Тартысты өткен сайыста🥇 І-орынды 4 "а" сынып оқушысы Туктибай Бекмурат. 🥈
ІІ-орын 7 "б" сынып оқушысы Иргешбай Ләйлә.
🥉ІІІ-орын 7 "б" сынып оқушысы Дабыл Бинура иеленді.
Жеңімпаз және ойынға белсене қатысқан оқушыларымызға мектеп директоры атынан мадақтамалар табысталды.
Оқушыларымызға толағай табыс, биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз. ✴️✴️✴️


31 Наурыз 2025
"№11 санаториялық мектеп - интернаты" КММ- де «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті!
🌿Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен табиғатты аялауға баулу және санитарлық жағдайын жақсартуға тигізер ықпалы зор.
🌿Осы орайда, бүгін мектебіміздің барлық ұжымы сыртқы тазалық жұмыстарын жүргізді. Барлық ұжым белсене, бірігіп мектеп ауласын тазалап, талдарды ақтап, қураған бұтақтар кесіліп, арықтар қазылып, ауласыпырып жиналған қоқыстар арнайы орынға төгілді.
🌿Осындай игі бастамалар табиғатты қорғауға және туған жерімізді көркейтуге зор ықпал етеді. Барша қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!
21 Наурыз 2025
НАУРЫЗ –ЖЫЛ БАСЫ...🌷
⚜️ Наурыз мейрамы жаңартылған фарматта «НАУРЫЗНАМА» 10 күндік аясында,
"№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ - де әкімшілік, мектеп ұжымы, сынып жетекшілер мен сынып тәрбиешілер ұйымдастыруымен
✨15-наурыз Қайрымдылық күнін барлық сынып оқушыларға ақ дастархан мәзірін жасап, сусындар қойып, ас берілді.
✨16-наурыз - Шаңырақ күні "Біртұтас тәрбие" аясында бақ-береке тілеп, "Наурыз бата" , "Батамен ел көгереді" аясында бейне роликтері таратылып,үлгілі бата иелері марапатқа ие болды.
✨18 наурыз күні - Ұлыстың ұлы күніне арналған "Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні" тақырыбында мерекелік іс-шара болып өтті.
🌷 Іс-шарада барлығы ұлттық киіммен күмбірлеген күйлер, мың бұралған билер, сыңғырлаған әндерден шашу шашылып, ұлттық тұсау кесер дәстүрімен Айзере сәбидің тұсауы кесілді. "Келін түсу", "Беташар" рәсімі орындалып, барша жиналған қауым бір-бірімен қауышып, мәз болысып жатты. Іс-шара соңында спорт түрлерінен кір тасын көтеруден, арқан тартыстан жарыстар өткізілді.
🌷Наурыз меркесі құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке, отбасыларыңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілейміз!
16 Наурыз 2025
Түркістан облысының білім басқармасының “11 санаториялық мектеп-интернаты” КММ-де ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында биылғы Наурыз мерекесі Мемлекет басшысы 2024 жылы мақұлдаған Наурызнама тұжырымдамасы негізінде жаңартылған форматта – Наурызнама онкүндігі аясында атап өтілуде. Осыған орай, 14-23 наурыз аралығында мектепішілік жоспар құрылып, әр күнге арнайы атаулы іс-шаралар белгіленді.
Мерекелік онкүндік 14 наурыз – “Көрісу күні – Амал мерекесінен” бастау алды. Бұлкүн – халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүріне сай, туыстар мен көршілердің бір-біріне сәлем беріп, амандық сұрасатын, ел арасындағы татулық пен берекені нығайтатын ерекше мейрам.
Осыған орай, 60 жылдық тарихы бар білім ордасына бір көше бойындағы көршілес К.Қарсыбаев атындағы жеке меншік мектеп ұжымы көш керуенімен келіп, сәлем беріп, ортақ қуанышты бөлісті. Бұл кездесудің негізгі мақсаты – екі мекеме арасындағы достық пен ынтымақты нығайту, сондай-ақ халық арасында мерекелік көңіл-күй қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында:
• Мектеп директоры А.Юсупова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков, Қ.Қарсыбаев атындағы мектеп басшылығы жылы лебіздерін білдіріп, мерекелік құттықтауларын жеткізді.
• Мектебіміздің мың бұралған бишілері қонақтарды ұлттық бимен қарсы алып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
• Қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылып, мерекелік сазды бағдарламалар мен ойын-сауықтар өткізілді.
• Іс-шара соңында О.Салибеков ақ батасын беріп, қонақтарды құрметпен шығарып салды.
Бұл басқосу – ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен салт-дәстүрді ұлықтаудың жарқын үлгісі болды. Осындай игі бастамалар арқылы халқымыздың рухани бай мұрасын ұрпаққа жеткізуге үлес қоса береміз.
0:02 / 0:50
Барлығы: 185
<< 1 2 3 4 5 6 7 8 9 .. 19 >>
Политика конфиденциальности
Рейтинг@Mail.ru
Данный сайт использует файлы cookie и прочие похожие технологии. В том числе, мы обрабатываем Ваш IP-адрес для определения региона местоположения. Используя данный сайт, вы подтверждаете свое согласие с политикой конфиденциальности сайта.
OK