Іс-шаралар
Түркістан Облысы Білім Басқармасы "№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-де спорт нұсқаушысы Салыбеков Болат 25-қазан Республика күніне орай 7,8,9-сынып оқушылары арасында "Кір" тасын көтеруде мектепішілік жарыс өткізді.
"№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-нің тәрбиешісі Б.Урматова 9 "Б" сынып оқушыларымен ашық тәрбие сағатын өткізді.
"№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-де 16.10.23 жылы Кітапхана апталығында кітапханашылардың ұйымдастыруымен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жыл толуына орай “Дүлділ ақын, Дулей жыр иесі" атты әдеби кеш өтті. Кешімізге 9 "а", " б" сынып оқушылары қатысты.
"№11 санаториялық мектеп-интернаты" кмм-де 9 "б"-сынып оқушыларының ата-аналарымен "Жаста берген тәрбие, жас шыбықты игендей" тақырыбында өткізілді.
"№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-де 03.10-13-10 жұлдызы аралығында "Қоғамдық ізгілікті пәндер" апталығы болып өтті. Тақырыбы: "Өшпес із қалдырған - Ұлы тұлғалар".
Түркістан облысы білім басқармасының "№11санаториялық мектеп-интернаты" КММ-нің 60 жылдығы қарсаңында "60 жылдыққа 60 игі іс" айдарымен, мұғалімдер күніне орай мұғалімдер арасында мектепішілік волейбол жарысын спорт нұсқаушысы ұйымдастырды.
"№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-нің Тәрбиешілер бірлестік жетекшісі: Л.Наушабекова және 8 "А"-сынып оқушылары мен сынып жетекшісі П.Баубекова, тәрбиешілері Ш.Бердикулова, А.Сулейманова "Қазан халықаралық қарттар" күні мен "Ұстаздар күні" мерекесі қарсаңында мектебімізден зейнетке шыққан Жанысбекова Лескүл Байжүсіпқызын аталмыш төл мерекесімен құттықтап шаңырақтарында болып, сыйлықтарын үлестіріп, оқушылар өлең шумақтары мен тілектерін айтып беріп, тағлымдыәңгімелерін тыңдап, қарияларымыздың батасын алып қайтты.
Түркістан облысының білім басқармасының "№11 санаториялық мектеп-интернат" КММ-ның тәрбиешісі Жаппарқұлова Гүлжан. 6"а"-сынып оқушыларымен "Адал ұрпақ ұлт болашағы" атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Оқушылар үлкен ізденіспен, белсенділік танытып түгел қатысты.