Сейдалиев Арман Жандарович
Сейдалиев Арман Жандарович “№11 санаториялық мектеп-интернаты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологы. 1990 жылы Қазығұрт ауданы, Қазығұрт елді мекені, Қарабау ауылында дүниеге келген. 2012 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің педагогика және психология мамандығын бітірген. 2013 жылы аталған мекемеге педагог-психолог қызметіне қабылданып, сол сала бойынша қызмет жасап келеді.
Лауазымдық міндеттері
- Тұлғаның психикалық денсаулығына қамқорлық жасайды, ол үшін дамытушылық психикалық ыңғайлы орта құрады, салауатты өмір салтын қалыптастырады.
- Психикалық даму барысын бақылау мақсатында жиі жаппай зеріттеулер жүргізеді, психологиялық көмекті қажет ететін адамдарды анықтайды, олардың есебін алады және бақылайды.
- Өз қызметін төрт негізгі бағытта:психодиагностика, психологиялық кеңес беру; психопрофилактика, психологиялық коррекция түрінде жүзеге асырады.
- Қажетті психо-педагогикалық өлшемдерді, нәтижелерді өңдейді, психологиялық қорытындылар мен ұсынымдарды дайындайды.
- Оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар арасында ағарту және кеңес беру жұмыстарын жүргізеді; кәсіби кеңес беру және кәсіби бағдар беруші зеріттеулерді жоспарлайды және ұйымдастырады; психопрофилактикалық жұмысты қамтамасыз етеді; психологиялық қауіп зонасында орналасқан адамдарды айқындайды; әлеуметтік және педагогикалық босаңсыған оқушыларға көмек көрсетеді; осы категориядағы балаларға ерте профилактика және коррекция жасайды; осы бағытта сынып ұжымдарымен мақсатты жұмыс жүргізеді.
- Жанұяда балаларды нәтижелі отбасылық тәрбиелеу үшін микроклимат қалыптастыруға, жанұя ішілік дау-жанжалдарды шешуге көмек көрсетеді; отбасыдағы ата-аналар құзырлылығының диогностикасын және дамуын жүзеге асырады.
- Балалардың икемділігін дамыту, тұлғаның психологиялық мәдениетін қалыптастыру, қайырымды адами қарым-қатынасты қалыптастыру және оқыту, тұлға аралық және іскерлік дау-жанжалдарды шешу, экстремальды жағдайларда көмек көрсету жұмыстарын жүзеге асырады.
- Психодиагностикалық жұмыстарды жүргізеді, дефектолог, медициналық қызметкерлер, заңгерлер, валеология пәні және өзін-өзі тану курстары мұғалімдері, басқа мамандардың қатысуымен балаларды, жасөспірімдерді тереңдетіп оқытуға қатысады.
- Тапсырыстардың түсуіне қарай (соның ішінде жоғарғы сыныптарда кәсіби бағыт-бағдар беруші жұмыстар шеңберіндегі диогностика және мектепке дайындық диогностикасы; педагогикалық шеңберлік пен шығармашылықты дамыту шеңберіндегі диогностикасы) психодиагностикалық жұмыстар жүргізеді.
- Ғылыми және практикалық психологияның жетістіктері туралы, оқу үрдісіне қатысушыларға психологиялық зерттеулер, диагностиканың жаңа әдістемелері туралы мәліметтер банкін жасайды.
- Оқушылардың біртұтас білім үрдісінде өзін-өзі бағалауға, оқуға тулғалық, интелектуалдық, әлеуметтік-психологиялық дайындығы деңгейлерін зеріттейді; шығармашыл дарынды балаларды психологиялық қолдайды, олардың дамуына жағдай жасайды.
- Оқушыларды жеке, тұлғалық-ізгілікті, тұлғалық-бағытталған және дамытушы жақындау жолымен қамтамасыз ету мақсатында психологиялық-педагогикалық зеріттеу жүргізеді; тұлғаның және интеллектінің бұзылуының психологиялық себептерін анықтайды, осыған ұқсас жағдайлардың алдын алады.
- Оқытудың барлық сатыларында оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін және жеке тұлғалығын қалыптастыруға және бекітуге ықпал жасайды; қазіргі қоғам өміріне бейімделген дамушы тулғаның қалыптасуына көмектеседі; оқушылардың кәсіби бағытталуына және интелектінің, тұлғанын толыққанды дамуына қамтамасыз етуге көмектеседі
- ҚР-ның «2015 жылға дейінгі білім дамуының» Тұжырымдамасын, педагог-психологтың біліктілік мінездемесінің талаптарын( ҚРБжҒМ-нің 22.08.2002ж №629бұйрығы) басшылыққа ала отырып, интегративті педагогиканың және акеологиялық жақындау жолының негізінде құзырлық және біліктілігі деңгейін үнемі арттырып отырады.
- Ішкі еңбек тәртібі ережесін, мектеп жарғысы талаптарын сақтайды.
- І қабаттағы фойе, спортзал бөлмелеріндің тазалығына, безендірілуі, материалдық – техникалық базасына бақылау жасайды.
- Балаларға кедергі болатын факторларды анықтап , жетілуінде әр түрлі психофизиологиялық ауытқуы бар балаларға психологиялық диагностика жасайды, ауытқу дәрежесін анықтайды, психопедагогикалық түзету жасайды.
- Әлеуметтік дезодаптацияның болуына байланыты алдын алу шараларын жасайды; факторларын анықтайды,оқушылардың жетілуіне көмектесетін әр түрлі психологиялық көмектер көрсетеді .