«Шахмат» үйірмесі – спорт, ғылым және өнердің үйлесімі!
Шахмат – бұл спорт, ғылым және өнер. Шахмат – ой-сананың белсенділігін талап ететін ойын. Ол кез келген адамды терең ойлауға жетелеп, тапқырлыққа баулиды. Ойлау мен сананың үйлесімді дамуы, уақытты тиімді пайдалану, дұрыс шешім қабылдай білу сынды өмірлік маңызды қасиеттерді бала бойына сіңіреді.
Үйірменің мақсаты – оқушыларды шахматтың шығу тарихымен таныстыру, ойын ережелерін үйрету, теориялық білім беру, сайыстарұйымдастыру, ойын мәдениетін қалыптастыру, ұқыптылық пен тәртіпке баулу, жеке қабілеттерін дамытуға ынталандыру.
Осы мақсатта “№11 санаториялық мектеп-интернаты” КММ-де «Шахмат» үйірмесі жұмыс істейді. Үйірмеде жас шахматшылар фигуралардың жүрісін, олардың салыстырмалы құндылығын меңгеріп, шахмат әлеміне терең бойлап, нағыз интеллектуалды ойынның қыр-сырын үйренуде.
Оқушыларымыз аудандық және облыстық турнирлерде үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болуда.
«Шахмат» үйірмесінің жетекшісі – №1 БЖСМ Қасымбеков Сүндет.