+7 771 367 63 68

KZ RU

8 қараша

08 Қараша 2024
Түркістан облысының білім басқармасының "11 санаториялық мектеп- интернаты "КММ де 2024-2025 оқу жылының ll-тоқсаны басталған күні "Адал азамат - Адал еңбек - Адал табыс" аясында қауіпсіздік сабақтары өткізілді. 9а,б-сыныптың сынып сағатына Қазығұрт АПБ Қазығұрт учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенаты Ағабеков Жалғасбек Нұрматұлы, Қазығұрт АПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенаты Мамыков Улықбек Еркинбаевич, ДТІЖО О.Салибеков , ҚББП Б.Қалмуратова қатысты. Күнтәртібінде:
1. "Адал азамат-Адал еңбек- Адал табыс" идеясы;
2. "Буллингтен қорған!" алдын алу;
3. "Қауіпсіз қоғам" құқық бұзушылықтың алдын алу;
4. "Өмірге салауатты қадам" алдын алу шеңберінде жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша;
5. "Өз іс әрекеттері үшін жауапкершілік",- туралы тыңдалды.
Бірінші мәселе бойынша ДТІЖО О. Салибеков тәрбиеленушілерден күзгі демалыс қалай өткенін, демалыс кезіндегі құқық бұзықшылық орын алмады ма, ата-аналарыңның көніл-күй жақсыма, ата-аналарына жақсы жағынан көріне білдіндерма… сұрақ-жауап алды.
Екінші, үшінші мәселе бойынша Қазығұрт учаскелік иниспектор, полиция лейтенаты Ағабеков Жалғасбек Нұрматұлы "Буллингтен қорған!", "Қауіпсіз қоғам"- құқық бұзушылықтың алдын алу, бойынша жастарға толыққанды түсіндірме жұмысын жүргізді. Лидерлік, әлімжеттілік, ақша жинау, сұғанақтық, ұрлық жасау т.б. біреуден зәбір көру, зорлық-зомбылық көруге жол бермеу жайында әңгімелеп берді.
Төртінші, бесінші мәселе бойынша, Қазығұрт АПБ ЖПҚ УПИ полиция аға лейтенаты Мамыков Улықбек Еркинбаевич " Өмірге салауатты қадам" және "Өз іс әрекеттері үшін жауапкершілік" жайлы баяндап беріп, сұрақ-жауап алды, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша әңгіме қозғап, спорт үйірмелеріне қатысуды жандандыру жайлы әңгіме өрбіді. Өз-өзіне қызмет жасау, күн тәртібін сақтау, ішкі тәртіп ережесін сақтау, денсаулығын күту, мәдениетті сақтау , бос уақытты тиімді пайдалану, қауіпсіздіктен сақ болу, бұзақылық жасамауға "Адал азамат-Адал еңбек-Адал табысты" болуға сөз беріп, жоғары сынып оқушылары сенім білдірді.
Политика конфиденциальности
Рейтинг@Mail.ru
Данный сайт использует файлы cookie и прочие похожие технологии. В том числе, мы обрабатываем Ваш IP-адрес для определения региона местоположения. Используя данный сайт, вы подтверждаете свое согласие с политикой конфиденциальности сайта.
OK