+7 771 367 63 68

KZ RU

8 ақпан

08 Ақпан 2024
Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы "Қазығұрт аудандық №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі"-КММ-нің ұйымдастыруымен 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында волейболдан өткен Қазығұрт ауданы бойынша БЖСМ іріктеу жарысында №11 санаториялық мектеп-интернатының оқушылары 🥈 ІІ-орынды иеленді.
♻️ Жеңімпаз командаларға 1.2.3 Кубок, медальдар және грамоталар табысталды. Оқушыларымыз арасынан Кулинбаев Алдияр үздік ойыншы 🤾‍♂️ атанса, Әбибілла Әбилмансұр үздік байланыстырушы🤾‍♂️ атанғаны үшін арнайы грамотамен марапатталды.
♻️ Жас спортшыларымызды мектеп директоры Айгуль Юсупова арнайы қабылдап, қымбатты білім алушылар, жас спортшылар сендерді мектебіміздің барша ұстаздары атынан және жеке өзімнің атымнан тамаша жеңістеріңмен құттықтаймын! Қайсарлық, өршілдік, жоғары спорттық шеберлік және жеңіске деген құлшыныс таныта отырып сендер мектебімізді спорттық ойындарда лайықты таныта білдіңдер. Сендердің спорттағы әр бір жетістіктерің мектебіміздің спорт тарихына мәңгілікке енетін болады. Сендерге денсаулық, бақыт және спортпен бірге оқуда да озат болуды тілеймін деп, оқушыларға спорттағы жеңістерімен құттықтады.
Политика конфиденциальности
Рейтинг@Mail.ru
Данный сайт использует файлы cookie и прочие похожие технологии. В том числе, мы обрабатываем Ваш IP-адрес для определения региона местоположения. Используя данный сайт, вы подтверждаете свое согласие с политикой конфиденциальности сайта.
OK