№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-де 8 "А" сыныбының тәрбиешісі Сулайманова Алия "Әлемді тербеткен-Ана" атты мерекелік іс-шара өтті.
Мақсаты: Ана — өмірдің шуағы, ана — өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.
8 - наурыз – аналар мерекесіне арналған «Әлемді тербеткен-Ана» атты мерекеліккешіміздегі барлық өнеріміз аналар сіздер үшін деп, мерекелік іс-шараны бастады.
Ару – өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама. Расында бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес! Иә, Құдайдан кейін құдірет иесі – ана. Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иетініміз сондықтан десек, бүгінде ұрпақ өсірумен қатар, ел еңсесін көтеріле түсуіне өз үлесін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандайда болмасын құрметке лайық. Бүгінде қоғам өмірінің әйелдер араласпайтын саласы жоқ десе болады. Бірі ғалым, бірі саясаткер, енді біреулері дәрігер, кәсіпкер тізе берсең жалғаса береді. Солардың бірі аяулы ұстаздар. Аналар өмірдің барлық саласын меңгергеніне шүбә жоқ бас иеміз.
Іс-шараны қорытындылап, ардақты аналарымызға өз лебізін білдіруге директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Салибеков Омар ағайды және де ата аналар комитетінің төрайымы Акилова Динара апайды шақырып, сөз берді