"№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-де КӘСІПТІК БАҒДАР: "Мұндай мамандықтар бар" тақырыбында 9 "а"," б"-сынып оқушыларымен "Түркістан индустралды - құрлыс колледж" МКҚК оқытушысы Байтуреев Бахтяр Шарипбековичпен кездесіп мамандықтар бойынша кеңінен мәлімет беріп, оқушыларға колледждің "Талапкер-2024" буклеттерін таратып берді. Оқуға келем деуші үміткерлерге барлық жағдай жасалып, грантпен, тегін оқу, жатақханамен, жеңілдік түрлері мен мамандықтар жайлы айтып түсіндірді.
Мектеп-интернат директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков колледжде жүк көтергіш машиналар мен транспортерлер, кран машинисы, автокөліктердің электр құрылғыларын жөндеу жөніндегі электрик, автокөлікті жөндеу слесері, сандық техника, электр жабдықтары, бағдарламалық қамтамасыз ету.т.б. мамандықтары бар екендігін атап таныстырып, бұл мамандықдықтардың сұранысқа ие екендігін түсіндірді.
Колледж маманы мамандықтар бойынша гранттық оқу орындары жыл сайын көптеп артып келетінін айтып өтті. Аталған мамандықтар бойынша қызығушылық танытқан оқушылар келген мұғалімге сұрақтар қойып, қажетті жауаптарын алды. Дайындаған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков.