Түркістан облысының білім басқармасының "№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ нің 9"б"-сынып тәрбиешісі, зерттеуші-педагогы Б.Урматова , М.Жұмабаев "МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: жыр пырағы Мағжан Жұмабаев туралы деректер беру, өмірі мен поэзия жанырындағы еңбектерінен мағлұмат беру. Ақынның өлеңдерін өнеге ете отырып, оқушыларды айбаттылыққа, қайсарлыққа, өжеттікке тәрбиелеу. Ұлтжандылыққа елін, жерін, Отанын сүюге, құрметтеугебаулу болды.
"Бала Мағжан" көрнісі сахна төрінде сомдалды. Қазақ поэзиясының Хантәңірінің өмір жолы мен шығармаларына шолу жасалды. Мағжан Жұмабай өмір баяны туралы түсінік берілді. "Батыр Баян" көрнісі. Поэзия минуты, "Алаштың сөнбес жұлдыздары" атты көрністері қойылды.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков, тәрбие бірлестігінің жетекшісі Л.Наушабекова және әріптестері оң бағасын беріп, шағармашылық табыс тіледі.