+7 771 367 63 68

KZ RU

5 Қыркүйек

05 Қыркүйек 2023
Түркістан білім басқармасының "11 санаторий типтес арнаулы мектеп-интернаты" КММ де 4-қыркүйек күні АКТ залында жиналған пед.ұжымды ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері, директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков жиынды жүргізіп құрметті ұстаздар, сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен тағы да шын жүректен құттықтаймын! 1-қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті "Əдлетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты жолдауында аса маңызды мəселелерді көтеріп, нақты міндеттер жүктелгенін айтып "11мектеп-интернатың" тарих пəнінің мұғалімі Бекзат Ағабеков баяндама жасау үшін сөз алды.Ол баяндамада жолдауды насихаттау мақсатында əрбір өңірдің экономикасын көтеруге əкімдерге тікелей ықпал ететіне тапсырмалар берілгенін айтып, жолдаудағы басым бағыттарға тоқталып, өңірді дамытуда ауқымды жұмыс атқарлатынын жеткізді.
Қазақ тілі пəнінің мұғалімі Сара Абуова сөз алып, осы аталған уақытқа дейін де жолдау асында қаншама тыңдырымды жұмыстар атқарылып жатқанын сөз етіп, жас ұрпаққа саналы тəрбие, сапалы біліп беріп жолдау аясында өз үлесімізді қосуға бəріміз атсалысуымыз керек, - деді С.Абуова.
Директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков сөз алып, жолдауда экономиканың басым бағыттары өңірдің дамуына оң серпін беретіні ақиқат. Халқымыз "Судың да сұрауы бар" деп бекер айтпаған. Су дегеніміз - үнемдеп пайдаланбаса, тез таусылатын шектеулі ресурс. Онсыз тіршілікте жоқ, онсыз шаруалардың күні қараң. Сол себепті бұл мектеп-интернатта қанша бала, қанша қызметкер тіршілік жасайды, мектеп ғимараттары мен асханасы, моншасы, жылыту қазандықтары жəне аулалары бар. Əрине, су күнделікті қажет. Биылғы біртұтас тəрбие бағдарламасында 1-сыныптан бастап "Судың да сұрауы бар" сынып сағаттары мен тəрбие сағаттары енгізілді. Еліміз үшін судың маңызы мұнай, газ немесе металдан кем емес. Су шарушылығы жүйесін тиімді дамыту мəселесімен дербес мекеме айналысуы қажет екенін қолдайтынымызды айтқым келеді. Сондықтан су ресурстары жəне ирригация министрлігі құрылды. Министрліктің аясында ұлттық гидрогелогия қызметі қайта жұмысы жанданатынына нық сенім артамыз. Осы су мəселесі бойынша мектеп ауласын көгалдандандыру да, алдағы уақытта шешімін табар деген үмітпен қараймын, - жолдау аясында айтылған бағыттарды қуана қабылдап барашаныздың еңбектеріңізге табыс тілеймін,-деді О.Салибеков.
Жиналысты мектеп директоры А.Юсупова Жолдауда айтылған барлық салаға жүктелген міндеттер құптарлықтай, білім саласына алдағы уақытта "Жайлы мектеп" ұстаздар мен оқушылар игілігіне салынып берілмек, бұл деген ұстаздар үшін қуантатын жағдай, сол үшін аянбай еңбек ету, мектептің 60 жылдық мерей тойы тұрғанын айтып, баршамыз атсалысуымыз керек,-деп қорытындылады.
Политика конфиденциальности
Рейтинг@Mail.ru
Данный сайт использует файлы cookie и прочие похожие технологии. В том числе, мы обрабатываем Ваш IP-адрес для определения региона местоположения. Используя данный сайт, вы подтверждаете свое согласие с политикой конфиденциальности сайта.
OK