+7 771 367 63 68

KZ RU

5 Қазан

05 Қазан 2023
Түркістан облысы білім басқармасының "№11санаториялық мектеп-интернаты" КММ-нің 60 жылдығы қарсаңында "60 жылдыққа 60 игі іс" айдарымен, мұғалімдер күніне орай мұғалімдер арасында мектепішілік волейбол жарысын спорт нұсқаушысы ұйымдастырды.
Жарысқа қатысушыларды мектеп директоры Айгуль Юсупова, директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков мерекемен құттықтап, спортшыларға сəттілік тілеп, жарыстың басталуын ашып, ҚР мемлекеттік əнұраны тыңдалды. Допдодасына "ӨР ТАЛАПТЫ, ОЗЫҚ ОЙЛЫ ҰЛАН" командасы, "ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ" командасы, "АМАНАТ" командасы өз ара жеребе арқылы ойынды бастады.
Жарысқа қатысушылардың айтуынша, топ жақсы құралғанын, олардың спортқа, салауатты өмір салтына деген қызығушылықты, сондай-ақ достарымен спортта кездесу болғандай, мерекені де, мерейлі уақытты да, жақсы да қызықты да, бой сергіту болды.
Волейбол жарысына командалар жоғары дайындықпен келген, жақсы ойын көрсетіп ойнады, өте жақсы, өзім қызығып қарап отырдым деді,- мектеп директоры А.Юсупова.
Жарыс тартысты өтіп, өз мəресіне жетіп аты затына сай болып 1-орынды "ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ" командасы иеленді, кəсіподақ төрағасының орынбасары О.Салибеков 15000теңге қаржылай сыйлық, 2-орын иеленген "ӨР ТАЛАПТЫ,ОЗЫҚ ОЙЛЫ ҰЛАН" командасына 10000теңге қаржылай сыйлық, 3-орынға ие болған "АМАНАТ" командасына 5000теңге қаржылай сыйлық берілді жəне жарыс нəтижесі үшін белсене қатысқаны үшін үздік қорғаушы, үздік шабылушы номинация иегерлерін мектеп директоры А.Юсупова арнайы мадақтамалармен марапаттады.
Политика конфиденциальности
Рейтинг@Mail.ru
Данный сайт использует файлы cookie и прочие похожие технологии. В том числе, мы обрабатываем Ваш IP-адрес для определения региона местоположения. Используя данный сайт, вы подтверждаете свое согласие с политикой конфиденциальности сайта.
OK