"№11 санаториялық мектеп- интернаты" КММ - де "Қош бол, 2024 жыл! Армысың, 2025 Жаңа жыл!" тақырыбында жаңа жыл мерекесі өткізілді.

Жаңа жыл – ғажайып мереке!

Балалар үшін бұл күн тек мереке ғана емес, қуаныш пен бақытқа толы естен кетпес сәттердің бастауы болды.

Бұл ерекше шара әдемі балдық стильде киінген барлық сыныптар белсенді қатысуымен және мерекелік іс-шара мұғалімдер, тәрбиешілер және әкімшілік құрамның ұйымдастыруымен өткізілді.

Әріптесіміз орыс тілі пәнімұғалімі Суюндикова Гулнара апайдың қызы Маржан демеушілік жасап, бастауыш сынып оқушыларына сыйлықтар жасады.

Бұл күн бүлдіршіндеріміз үшін қуанышқа толы мерекелік әсерлерге, жарқын күлкілер мен жылы естеліктерге толы болды. Әр баланың жарқын бейнесі мен шат-шадыман көңіл-күйі ешқашан толастамасын.

Мерекелік кештің барысында бүлдіршіндеріміз өз өнерлері мен жаңа жылдық көріністерін, ән шашуларын арнады.

Мерекеге келген қонақтар, ата-аналар, оқушылар қызықты қойылымдарды тамашалап, керемет көңіл-күйге бөленді.
Аяз ата мен Ақшақар оқушыларға арнайы тәтті сыйлықтар таратып, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады.
Жаңа жыл, құтты болсын!!!