"№11 санаториялық мектеп интернаты" КММ -де "Мектепке жол " акциясы аясында өткізілген қайырымдылық акциясы өткізілді. Демеушілік жасаған жаны мейірімге толы жандарға алғысымыз шексіз. Жандар Жорабеков жеке кәсіпкер, "Zangar group" өнер орталығы, Бердияр Пайз- М.Әуезов мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, Айтен Нұрқаділ мектеп түлегі, жеке кәсіпкер және мектеп ұжымы демеушілік жасап 16 оқушыға ата-аналар өтініші бойынша киімдер алып берді.Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Турдалиев Оңғар мырза бастап мектеп оқушыларына түгел Жаңа жылдық тәттілер сыйлады. Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, жеке кәсіпкер Умарова Айнур 7 оқушыға аяқ киімдер әперді. Жеке кәсіпкер Тасполатова Гулжахан 5 оқушыға жылы сырт киім, 3 оқушыға жылы етік сыйлады. Ата-ана Қыстаубаева Маржан 2 оқушыға спорттық киім, 2 оқушыға ақ көйлек пен сумка сыйлады. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Сүйіндікова Гульнара апайдың қызы Маржан Нұрланқызы 8 оқушыға мектеп формасын әперді және Жаңа жыл шыршасына қызықты көңіл-күй сыйлап аниматорлар алып келді. 1-4 сынып оқушыларына тәттілермен сыйлықтар үлестірді. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Өмірбаева Лаззат 1 оқушыға жылы сырт киім әперді. Қайырымдылық акциясы жоғары дәрежеде өтті. Акцияға белсене қатысқан қайырымды жандарға, мектеп директоры Айгул Мирзалиевнаға, ұжымға алғысымыз шексіз. Бала біздің болашағымыз әрбір игілікті істеріміз жалғасын таба берсін. Әлеуметтік педагог: Ташкараева Шархия Мухтаровна.