+7 771 367 63 68

KZ RU

29 қаңтар

29 Қаңтар 2024
Әлеуметтік педагог Ташкараева Шархия Мухтаровна қамқорлықтағы оқушылармен «Көңіл-күй жаттығулары» тақырыбында тренинг өткізді.Оқушылар өте көңілді қатысты.Берілген тапсырмаларды белсенді орындады.
«Көңіл-күй жаттығулары» тренинг с
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін арттырып, есте сақтау қабілетін дамыту, қиялдарын жетілдіру. Баланы қуана білуге, өз айналасындағы жағымды істерді қабылдай білуге үйрету. Ойын жаттығулары арқылы білімдерін дамыту.
Түзету мақсаты:Ойындар арқылы оқушылардың логикалық ойлауын, көру арқылы есте сақтауын, ойша жұмыс істей білуін дамыту.
Көрнекіліктер: слайд, қима суреттер, бас киім, гүл, қолшатыр, жағымды әуен.
Тренинг барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі:
Шаттық шеңбері.
— Балалар, шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!
Слайдта (күн, алақан, жүрекше, смайл) көрсетілген суреттерге қарап, бір-бірімізбен амандасайық.
Жүрекшелер шыққан сәтте- бір-біріңізбен құшақтасып амандасасыздар.
Алақан шыққан сәтте – бір-бірімізбен қол ұстасып амандасамыз.
Күннің бейнесі көрінсе – бәріміз қолдарымызды жоғары көтереміз.
Смайликтер шыққанда – бір-бірімізге күлкімізді сыйлаймыз.
Көңіл-күйді көтеру үлкен өнер. Иә, балалар.
— Қанекей балалар көңіл-күйлерің қалай? Керемет! (қолдарын көтереді)
— Сабаққа дайындықтарын қалай? Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)
— Ендеше сабағымызды бастайық. О-О-О (бас бармақтарын көрсетеді)
Бүгінгі тренинг сабағымыздың аты Көңіл-күй жаттығулары.
II. Негізгі бөлім:
1. Күніміз қалай күледі (қима суретпен жұмыс)
Оқушыларға үш – төрт бөлікке бөлінген күннің суреттерін беру. Олардың міндеті сәйкес келетін бөліктерін тауып, тез күннің суретін құрап шығу. Жарыс түрінде. Балаларды мақтап мадақтау.
Әр топтың күн сәулесіне арналған тақпақтары.
1) Біз қандаймыз, қандаймыз.
Шұғылалы таңдаймыз.
Жарқыраған күндейміз
Ренжуді білмейміз.
2) Кел балалар күлейік
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйіп не керек
Көңілді боп жүрейік.
2. Психогимнастика «Кім қалай жүреді?»
Мақсаты: Топ мүшелерін біріктіру, топта жағымды ахуал құру, жұмыс белсенділіктерін арттыру.
Көлбең-көлбең, көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем.
Қоян қалай жүреді?
Кім көрсете біледі?
Көлбең-көлбең, көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем.
Аю қалай жүреді?
Кім көрсете біледі?
Көлбең-көлбең, көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем.
Түлкі қалай жүреді?
Кім көрсете біледі?
Көлбең-көлбең, көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем.
Маймыл қалай жүреді?
Кім көрсете біледі?
3. «Шапалақты тыңда» ойыны
Мақсаты: Қимыл-қозғалыс пен есту мүшелері арқылы ойын, зейінін дамыту.
Жүргізілу барысы: Балалар айнала дөңгелек бойымен қозғалады. Бір рет шапалақтағанда «қоян» секілді тұрып қалулары керек. Екі шапалақ « ит» секілді үреді, үш шапалақтан соң « құс » секілді балалар қолдарын екі жаққа лақтырып жүреді. Төрт рет шапалақтағанда қайтадан бастапқы қалыпқа келулері керек.
4. «Эмоцияны жаттықтырамыз» жаттығуы
.Мақсаты:Танымдылыққа және сезімдердің ерікті көрінуіне үйрету,қимыл-қозғалысты басқару біліктілігін жаттықтыру және өз мінез-құлқын бақылау.
Нұсқау:Бүгін біздер актер болуға әзірленеміз.Қимыл-қозғалыспен берілген тапсырманы орындайсыңдар.
1.Күзгі бұлт сияқты т үнеру.
2.Ренжулі адам
3.Мысықтың күнге қараған сияқты жымиюы
4.Күн
5.Айлакер түлкі
6.Жылап тұрған адам
7.Өлең айтып тұрған адам
8.Жаңадан жүріп-жүрген сәби
9.Қаражорға билеп жатқан адам
10.Ой үстіндегі ақын
11.Жайқала өскен алма ағашы
12.Фотограф бейнесі
13.Роботтың қозғалысы
5.Рөлдік ойындар
1.Ғашық жігіт
2.Базардағы сатушы
3.Ұрысқақ зейнеткер
4.Атақты әртіс
5.Мейірімді ана
6. «Бар ма,әлде жоқ па ?»ойыны
Мақсаты:Егер қатысушылар тұжырыммен келіссе,қолдарын жоғары көтеріп «Иә» деп айқайлайды,ал егер келіспесе «жоқ» деп айқайлап аяқтарын тарсылдатады.
-Теңізде балықтар бола ма?
-Бұзауда қанат бола ма?
-Шошқаның шұқитын тұмсығы бола ма?
-Әтештің құйрығы бола ма?
-Өлеңнің ырғағы бола ма?
-Сиырлар ұша ма?
-Жылқыда мүйіз бола ма?
7.«Иә және жоқ сөздерін айтпау» ойыны
Мақсаты:Белгілі бір сөздерді айтпауды үйрену.Бұл қандай сөздер? «Иә» және « жоқ» сөздерін айтуға болмайтын ойынды ойнаймыз.
-Сен қазір ұйықтап жатырсың ба?
-Түнде күн шыға ма?
-Сен балмұздақты ұнатасың ба?
-дәрігер шаш ала ма?
-кәмпит тәтті ме?
-жазда шаңғы тебе ме?
«Сиқырлы көл» релаксация.Психологиялық талдау жасалды.
Қорытынды: Бүгінгі тренинг сабағымызды аяқтайық балалар. Әрқашанда осындай жылы сөздермен және жылы жүрегіміз, әдемі күлкімізбен бір-бірімізді қуанта берейік. Сау болыңыздар!
Политика конфиденциальности
Рейтинг@Mail.ru
Данный сайт использует файлы cookie и прочие похожие технологии. В том числе, мы обрабатываем Ваш IP-адрес для определения региона местоположения. Используя данный сайт, вы подтверждаете свое согласие с политикой конфиденциальности сайта.
OK