Түркістан облысының білім басқармасының "11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-де "Білім беру ғимараттарындағы өрт қауіпсіздігі" тақырыбы аясында 1-9 сынып оқушыларының арасында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков сабақ өткізді.
Мақсаты:
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету адамдардың өмірі мен денсаулығын, меншікті, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік қызметтің ажырамас бөлігі болып табылатынын ұғындыру.
Өрттің қай жерде және қашан шығуын болжау мүмкін емес.Ол кез келген уақытта қауіпсіздік және техникалық ережелерді сақталмаған кезде болып тұратын жайт. Оны болжау да, дәл айту да мүмкін емес.


