Түркістан облысының білім басқармасының "№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-нің 5"б"-сынып тәрбиешісі Арипова Гулжазира "Достық пейіл, мейірімділік және жанашырлық ең асыл қасиет" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: Оқушылардың арасындағы жағымды қарым-қатнас орнату, бір-бірін сыйлаға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету. Достық тың адам өміріндегі өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру арқылы, оқушылардың достықтың қасиеттерін ұштастыруболды.
Достық туралы сұрақтар қойып, достық туралы мақал-мәтелдер табып, сергіту сәтін "Жүрегімді досыма арнаймын" әдісі арқылы орындап шықты. Қадыр Мырзаәлидің "Бостан-босқа шатылмайды қабақтар" өлеңін оқытып, сабақ қорытындылады. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Сабақ соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков оң бағасын беріп, шығармашылық табыс тіледі.