"№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-де «Ұрпақ тәрбиесі- ұлт болашағы» ата-аналар жиналысы
Ата-аналар жиналысының жоспары
1.Сәлемдесу
2. Баяндама
3. «Адам өз өмірінің суретшісі»
4.«Венн диаграммасы»
4. «Ең әдемі көздер»
5. «Ашулы шарлар»әдісі
6. «Бес саусақ әдісі»
7. Түрлі мәселелер
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Қош келдіңіздер! Бүгінгі ата-аналар жиналысы «Ұрпақ тәрбиесі- ұлт болашағы» тақырыбында өткіземіз. Ең алдымен баяндамаға кезек берейік. Ал, енді баяндама төңірегінде сұрақтарыңыз болса, жауап алуларыңызға болады.
«Адам өз өмірінің суретшісі» тренинг. Ақ парақты алыңыздар, төбемізге қояйық, қалай ыңғайлы солай қоямыз. Сурет саламыз. Бірінші үлкен шеңбер саламыз. Енді осы шеңбердің ішіне кішкентай арал саламыз. Аралдың оң жағы мен сол жағына екі пальма саламыз. Салдық па? Енді пальманың сол жақ бетіне қайықтың суретін саламыз. Салынбаған пальманың астына өзіңіздің демалып жатқаныңызды саласыз. Қолымызға алып көрейікші. Бізде алдымызда не тұрғанын білмейміз. Кімнің айтқаны бойынша салынды сурет? Біздің айтқанымыз болмайды. Тек сіздердің қолдауларыңыз керек. Әр уақытта да бағыт-бағдар беруінен шаршамаңыздар.
«Венн диаграммасы» екі жақсы қасиеті, екі ұнамсыз қасиетін жазыңыздар. Баланы жаман әдеттен аулақ етейік.
«Ең әдемі көздер» әрбір бала «индивид, жеке тұлға» екендігін көрсету мақсатында әр ата-ана баласының көзінің суретін жылдам тауып алуы керек. Адамның мейірімі екі көзде. Баламызға деген мейірім таусылмасын.
«Ашулы шарлар» әдісі. Ата-аналар жаман энергиясын шығарады
Түрлі мәселелер.
Қорытынды. «Бес саусақ» әдісі. Ата-анамен оқушының бір-біріне бес саусақтай бірігуіне ықпал ету. Саусақ іштеріне оқушы ата-анасына тілек жазады, ортасына ата-ана баласына тілек білдіреді.
Ата-аналар жиналысын тәрбиеші Бибігул Урматова жүргізді. "Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы" тақырыбында сынып жетекші Шархия Ташкараева баяндама жасады. Баяндама талқыланып, құнды деп бағаланды. Тәрбиеші Жандаулет Мырзагелдиев ата-аналар сұрақтарына жауап беріп, түрлі мәселелерге тоқталды. Ата-аналар белсенді қатысты. Жиналыс соңында ДТІЖО-ры Омар Тілеуұлы қорытынды жасап, ата-аналарға мектеп әкімшілігі атынан "Алғыс хат" табыстады.