«№11 санаториялық мектеп-интернаты» КММ –де ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай, 4 «А» сынып тәрбиешісі Дәулетбекова Айдана «Абайды оқы, таңырқа!» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті. Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың Ұлы ақынның балалық және жастық шағы, өскен ортасы туралы білімдерін ексере отырып, ақынды жас ұрпаққа таныту.
2.Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру. Жас ұрпақтыАбай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу.
3.Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу және туған жердің тарихы мен тілінің қадір — қасиетін ұғындыру.
Сабақ соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Салыбеков Омар ағай оқушыларға бата беріп, оқушыларға Абайдың қара сөздері кітабын сыйға берді.