"№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-де
«Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанып, тал егу - маңызды істердің бірі. Егілген ағаштың, өскен өсімдіктің әуе алабына тигізер пайдасы зор. Жасыл желектің әсерінен ауа тазарып, қолайлы микроклимат қалыптасады.
Айта кетсек, 200 ағаш оның ішінде 50 катальпа, 50 липа, 50 уксусное дерево, 50 мыльное дерево көшеттерін отырғызды. Аталған жұмыстар жылда дәстүрге айналып, алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Осынау игі іс шараға шын мәнінде бастамашы болған, мектеп директоры А.Юсуповаға, мектеп мұғалімдеріне алғыс білдіреміз.