Түркістан облысының білім басқармасының "№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-де 2024 жылы бітіруші түлектері 9 "а","б"-сынып (ербалаларға) оқушыларына "Мамандық таңдауға-кәсіптік бағдар беру" мақсатында Ақмола облысы Шучинск қаласы Шоқан Уалиханов атындағы кадет корпусы және Астана қаласы Сағдат Нұрмағамбетов атындағы "Жас Ұлан" әскери колледжінің 2 сыныпты сержант Сапаралиев Ғалымжан, аға сержант Тағайбек Нұрғиса әскери колледждің тарихына, ол колледжге қабылдау шарттарымен оқуға түсушілер әскери колледждің қабылдау комиссиясына қандай құжаттардың түпнұсқасын ұсынатынды, қандай жеңілдіктер бар, кімдер үшін ол мамандықтардың түрлерімен
1."Байланыс, радиоэлектроника және коммуникация құралдарының технигі",
2. "Қару-жарақ әскери техниканы пайдалану және жөндеу жөніндегі техник",
3. " Кіші буын менеджементі" мамандығы "Инженерлік-сапёрлік бөлімшелерді басқару біліктіліктерін беріп, ары қарай жоғары оқу орындарына жолдама беретіндерін жеткізді.
Бұл жөнінде тағы қосымша бейне экраннан документальды фильм көрсетілді. Оқушылар сұрақ қойып, жауап алып қанағаттанды. Маман иелері тағы қосымша оқушыларға әскери колледж мамандықтары жайлы, қабылдау, жетістіктер жайлы буктеме қағаздары, байланыс сымтетігі, мекен-жайы туралы таратылды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков кәсіптік бағыт-бағдар бергені үшін келген оқытушыларға алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.