"№11 санаториялық мектеп-интернаты"
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында "Тәуелсіздік мәңгілік елдің тұғыры" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру арқылы қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндік аңсаған ата -баба ерліктеріне тоқталу. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерін атап өту. Өз Отанын туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, отаншылдыққаелжандылыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.
7 "а" сынып тәрбиешісі Г.Оразова
Ашық тәрбие сағатына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков, тәрбиешілер бірлестігінің жетекшісі Л.Наушабекова, әріптестері Б.Урматова, А.Максутова, Г.Арипова, А.Алибаева қатысып, оң бағаларын берді.