НАУРЫЗ –ЖЫЛ БАСЫ...


Наурыз мейрамы жаңартылған фарматта «НАУРЫЗНАМА» 10 күндік аясында,
"№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ - де әкімшілік, мектеп ұжымы, сынып жетекшілер мен сынып тәрбиешілер ұйымдастыруымен

15-наурыз Қайрымдылық күнін барлық сынып оқушыларға ақ дастархан мәзірін жасап, сусындар қойып, ас берілді.

16-наурыз - Шаңырақ күні "Біртұтас тәрбие" аясында бақ-береке тілеп, "Наурыз бата" , "Батамен ел көгереді" аясында бейне роликтері таратылып,үлгілі бата иелері марапатқа ие болды.

18 наурыз күні - Ұлыстың ұлы күніне арналған "Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні" тақырыбында мерекелік іс-шара болып өтті.

Іс-шарада барлығы ұлттық киіммен күмбірлеген күйлер, мың бұралған билер, сыңғырлаған әндерден шашу шашылып, ұлттық тұсау кесер дәстүрімен Айзере сәбидің тұсауы кесілді. "Келін түсу", "Беташар" рәсімі орындалып, барша жиналған қауым бір-бірімен қауышып, мәз болысып жатты. Іс-шара соңында спорт түрлерінен кір тасын көтеруден, арқан тартыстан жарыстар өткізілді.

Наурыз меркесі құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке, отбасыларыңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілейміз!