"ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ" ДЕБАТ

"№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ- де "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында
ҚББП Н.Қыдырбаева, тәлімгер Б.Тлепова ұйымдастыруымен 6"А"сынып оқушылар арасында "Интернеттің пайдасы мен зияны "
тақырыбында дебат турнирі өткізілді.

Дебат барысында оқушылар екі топқа "Үкімет" қорғаушы тарап "Болашақ" және "Оппозиция" даттаушы тарап "Ақихат" тобы болып бөлініп, пікір таластырды. Оқушылар интернеттің қоғамда, адам өмірінде алатын орны мен зияныжайлы тартысты ойын көрсетті. Екі тарапта өз позицияларын қорғап, нақты дәлелдер келтіре отырып, пікірлерін білдірді. Дебат қатысушылары ойын барысында алған білімдерін көрсете білді.

Сайысқа оқушылар белсене қатысып, ұтымды ойлар айта білді. Әр оқушы өз ойларын еркін жеткізіп, ұжымдық шешім қабылдады.
Дебат соңында төрешілер қатысушыларға алғыс білдірді.