Олимпиада өтті





"№11 санаториялық мектеп - интернаты" КММ- де
11 қарашадан 15 қараша аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5-9 сыныптар арасында мектепшілік олимпиада өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың пәндік білімдерін тереңдету, оқу-танымдық қабілеттерін ынталандыру, дарынды балаларды анықтау.
Олимпиадаға әр сыныптан оқушылар қатысып , білімдерін сынады. Қатысушылардың жұмыстары іріктеліп, үздік оқушылар таңдап алынды. Озық шыққан дарынды оқушылар марапатталды.