+7 771 367 63 68

KZ RU

19 қараша

19 Қараша 2024
ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ
«№11 санаториялық мектеп-интернаты » КММ-де 2024-2025 оқу жылының 19- қарашасында "Біртұтас тәрбие"бағдарламасы аясында 5-9 сынып қыздарымен мектепішілік қыздар ұйымы II тоқсанның алғашқы қыздар жиналысы болып өтті.
✅️Мақсаты:
Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, қазақ халқының ұлттық болмысын сақтай отырып, қыздарға жат қылықтарды ажырата білуге, олардың денсаулығына, тәрбиесіне келтіретін зияны туралы түсінікберу, олардың ішкі және сыртқы жан дүниесінің әдемі болуына шақыру.
🔰Жиналыс барысында мектеп қыздарына:
1."Қыз бала тәрбиесі-халықтың ең қымбат байлығы" атты тақырыпта қыздар ұйымының жетекшісі Ы.Әзімбек пен тәлімгер
Б.Тлепова айтып өтті.
2."Ерте жүктіліктің алдын алу " жайлы мектебіміздің дәрігері С.Ташимбетова және медбикелер К.Прназарова мен А.Молдағалиева сөз сөйледі.
3."Бұрымды қыз" 5-9сынып қыздары арасында өнерлі қыздар сайысы болып өтті. Қыздарымызды тәлімгер Б.Тлепова мен Ы.Әзімбек марапаттады.
Қорытындысында қыздар бір-біріне жылы сөздерін білдіріп, кері байланыс жасалды.
Политика конфиденциальности
Рейтинг@Mail.ru
Данный сайт использует файлы cookie и прочие похожие технологии. В том числе, мы обрабатываем Ваш IP-адрес для определения региона местоположения. Используя данный сайт, вы подтверждаете свое согласие с политикой конфиденциальности сайта.
OK