+7 771 367 63 68

KZ RU

18 сәуір

18 Сәуір 2024
Түркістан облысының білім басқармасының "№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-де "Таза Қазақстан" экологиялық акциясын аясында "Киелі мекен" 18 сәуір- Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай ашық тәрбие сағатын 9а-сынып тәрбиешісі, педагог-зерттеуші Л.Наушабекова өткізді.
Мақсаты: Қоғамдық мәдениет денгейін арттыру арқылы республикалық деңгейдегі акцияға қолдау көрсету және де өскелең ұрпақты еңбексүйгіштікке, патриоттық тәрбиеге баулу болды.
Сабақ оқушылардың, тәрбиешісінің еңбектерімен жасалған "Киелі мекен", "Табиғи және мәдени мұра" ескерткіш эскиздерін салып дайындаған көрнекіліктерімен және бейне түсірілімдерімен қамтылды. Бұл атаулы күн елімізде 1984 жылдан бері атап өтіліп келеді. 1983жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен бұл күннің тәуелсіз еліміздің тарихында алар орны ерекше. Бүгінгі таңда халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы ұйымының қатарында әлемнің 175 мемлекеті бар. Қәзіргі таңда 175 мемлекет 1972 жылы қабылдаған "Мәдени және табиғи мұраны сақтау жөніндегі дүниежүзілік конвенцияның" қатысушысы болып табылады.
ЮНЕСКО-ның тізіміне әлемнің 122 елінде орналасқан дүниежүзілік мұраның 754 нысаны енгізілді, олардың арасында отандық ескерткіштер бар. 2003 жылдың сәуірінде халыққа жолдауында арнайы бекітілген" Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы - бүгінгі және келешек ұрпақты тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп қана қоймай, сонымен қатар болашақта болатын жағдайды да басты назарға алады. Ол—адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы болып табылатын ел тарихындағы елеулі оқиғалардың көрнісі екенің тәрбиеші Л.Наушабекова оқушыларымен Оңтүстік өніріндегі тарихи ескерткіштер мен мәдени мұра, киелі мекен жайлар туралы, ескерткіштің кең тараған түрі де осы монументтер екенін айтып түсіндіріп, тарихи орындарға, тарихи адамдардың туған жерлеріне орналастырланын, оны әр уақытта қорғау, таза сақтау, Таза Қазақстан болуға әрқайсымыз өз үлесімізді қосу басты мақсатымыз болып қалыптассын деп қорытындылады.
Директор А.Юсупова, директор орынбасарлары О.Салибеков, Е.Амірбеков, әріптестері Б.Урматова, А.Шынжигитова.т.б оң бағасын беріп шығармашылық табыс тіледі.
Политика конфиденциальности
Рейтинг@Mail.ru
Данный сайт использует файлы cookie и прочие похожие технологии. В том числе, мы обрабатываем Ваш IP-адрес для определения региона местоположения. Используя данный сайт, вы подтверждаете свое согласие с политикой конфиденциальности сайта.
OK