+7 771 367 63 68

KZ RU

17 қаңтар

17 Қаңтар 2024
"№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-де "ҰРПАҚҚА АМАНАТ" жобасы аясында" "Әлемнің жарығын сыйладың сен маған...", " Ана-гүл, Ана-жер, Ана-өмір шуағы" "Бұрымды қыз" челленджі болып өтті.
Мақсаты: Қыздарымызға тән сұлулық, ибалылық, рухани байлық, ар тазалығы туралы құндылықтырды сіңіру. Қыздарды бұрымды да инабааттылыққа, көркемдік пен нәзіктікке тәрбиелеу.
Мектеп фоесінде бұрымды қыздар ұлттық үлгідегі киіммен "Домбыра" биін билеп іс-шараны ашып берді.
Қазақ халқы "қыз" деген сөздің өзін әдептіліктің, әдеміліктің, әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Әсіресе, қыз баланың көрікті болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөліп, "Аттың көркі-жалы, қыздың көркі-шашы" деп қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Ол үшін оның шашын айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын "қос бұрым" немесе "бестемше" етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған.
Бұрымды қыздардың қатарында, шаш үлгісін көрсету мақсатында шашы ұзын қырқылмаған ұлттық киімде, сынып жетекшілері мен сынып тәрбиешілері де үлгі көрсетті. Атап айтсақ, Ы.Әзімбек, Г.Сарсенбаева, Г.Құрбанова.
Сонымен қатар, тәрбиеші Г.Жаппарқұлова, Н.Қыдырбаева апайлар "Шаш күтіміне" қатысты кеңестерін айтып өтті.
Біздің мектебімізде мақтанып айтатындай бұрымды қыздар көбейіп келе жатыр.
Іс-шараны қорытындылау мақсатында мектеп директоры А.Юсупова, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков бұрымды қыздарға ізгі тілектерін білдірді.
Қазағымның салт-дәстүрін сақтаған,
Осындай бар қыздар үшін мақтанам.
Жарасып тұр шашбау таққан бұрымы,
Көргенді ғой сені өсірген ақ мамаң-деп, тәрбиеші А.Балғынбаева іс-шараны аяқтады.
Политика конфиденциальности
Рейтинг@Mail.ru
Данный сайт использует файлы cookie и прочие похожие технологии. В том числе, мы обрабатываем Ваш IP-адрес для определения региона местоположения. Используя данный сайт, вы подтверждаете свое согласие с политикой конфиденциальности сайта.
OK