+7 771 367 63 68

KZ RU

16 наурыз

16 Наурыз 2025
Түркістан облысының білім басқармасының “11 санаториялық мектеп-интернаты” КММ-де ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында биылғы Наурыз мерекесі Мемлекет басшысы 2024 жылы мақұлдаған Наурызнама тұжырымдамасы негізінде жаңартылған форматта – Наурызнама онкүндігі аясында атап өтілуде. Осыған орай, 14-23 наурыз аралығында мектепішілік жоспар құрылып, әр күнге арнайы атаулы іс-шаралар белгіленді.
Мерекелік онкүндік 14 наурыз – “Көрісу күні – Амал мерекесінен” бастау алды. Бұлкүн – халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүріне сай, туыстар мен көршілердің бір-біріне сәлем беріп, амандық сұрасатын, ел арасындағы татулық пен берекені нығайтатын ерекше мейрам.
Осыған орай, 60 жылдық тарихы бар білім ордасына бір көше бойындағы көршілес К.Қарсыбаев атындағы жеке меншік мектеп ұжымы көш керуенімен келіп, сәлем беріп, ортақ қуанышты бөлісті. Бұл кездесудің негізгі мақсаты – екі мекеме арасындағы достық пен ынтымақты нығайту, сондай-ақ халық арасында мерекелік көңіл-күй қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында:
• Мектеп директоры А.Юсупова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков, Қ.Қарсыбаев атындағы мектеп басшылығы жылы лебіздерін білдіріп, мерекелік құттықтауларын жеткізді.
• Мектебіміздің мың бұралған бишілері қонақтарды ұлттық бимен қарсы алып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
• Қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылып, мерекелік сазды бағдарламалар мен ойын-сауықтар өткізілді.
• Іс-шара соңында О.Салибеков ақ батасын беріп, қонақтарды құрметпен шығарып салды.
Бұл басқосу – ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен салт-дәстүрді ұлықтаудың жарқын үлгісі болды. Осындай игі бастамалар арқылы халқымыздың рухани бай мұрасын ұрпаққа жеткізуге үлес қоса береміз.
0:02 / 0:50
Политика конфиденциальности
Рейтинг@Mail.ru
Данный сайт использует файлы cookie и прочие похожие технологии. В том числе, мы обрабатываем Ваш IP-адрес для определения региона местоположения. Используя данный сайт, вы подтверждаете свое согласие с политикой конфиденциальности сайта.
OK