+7 771 367 63 68

KZ RU

16 Қазан

16 Қазан 2023
"№11 санаториялық мектеп-интернаты" кмм-де 9 "б"-сынып оқушыларының ата-аналарымен "Жаста берген тәрбие, жас шыбықты игендей" тақырыбында өткізілді.
Жиналыстың жоспары:
"Сағыныш сезімі"
"Бес қадам" әдісі.
"Жанұя ойыны" миға шабуыл.
Баяндама.
Ситуациялық сұрақтар.
Түрлі мәселелер.
Қорытынды.
Ата-аналар өте белсенді қатысты. Өз ойларын ашық айтып, перзенттерінен не күтетінін оқушылармен бірге отырып бөлісті. Тәрбиеші Мырзагелдиев Жандаулет жиналысты сәлемдесу, "Сағыныш сезімі" кезеңімен бастады. Ата-аналар ұстаздармен амандасып, өз балаларының дәптерлерін жазуынан танып, дәптер астынан жүрекше ішінде баланың суреті шықты, өз сағыныштарын жеткізіп, тақтаға іліп, баламен сәлемдесті.
Жиналысты тәрбиеші Бибігүл апай жүргізіп отырды. Сынып жетекші Шархия Ташкараева "Жаста берген тәрбие, жас шыбықты игендей" тақырыбында баяндама оқыды. Баяндама ата-аналармен бірге талқыланды. Құнды деп табылды. Ата-аналар мектеп-интернат ұжымына, тәрбиешілерге өз алғыстары мен ризашылықтарын білдірді. Ата-аналарға "Ұялы телефонның зияны" жаднамасы таратылды. Бибігүл апай жиналысты қорытындылады. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Омар Тілеуұлы жиналысқа қатысты. Жиналыс жоғары деңгейде өтілді.
Политика конфиденциальности
Рейтинг@Mail.ru
Данный сайт использует файлы cookie и прочие похожие технологии. В том числе, мы обрабатываем Ваш IP-адрес для определения региона местоположения. Используя данный сайт, вы подтверждаете свое согласие с политикой конфиденциальности сайта.
OK