Түркістан облысының білім басқармасының "11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ де "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Тәуелсіздік ұлттық өрлеу мен рухани жаңарудың ұлы күші" тақырыбындағы шаралар барысындағы "Озық тәжірибе жалпыға ортақ" педагогикалық іс-тәжірибе дөнгелек үстелін 2а-сынып тәрбиешісі Ж.Сапиева өткізді. Тақырыбы: Тәрбие жұмысындағы оқушылардың тәрбие деңгейін, білімін бағалау және бақылау. Мақсаты: Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысының тиімді әдістерін қолдану аясында тәжірибе тарату. Міндеті: Тәрбие берудегі инновациялық сауаттылығын арттыру жолдарын жетілдіру. Сабақты бағалау әдістерін тиімді жүзеге асыру. Күтілетін нәтиже: Педагогтардың құзреттілігін арттыру, оқытуда, тәрбиелеуде тиімді әдістерді қолдану.