"Аталар сөзі, ақылдың көзі!" Қазақтың салт-дәстүр, әдет ғұрыптарын бойға сіңіру, қыз балаларымызға нәзіктік пен кіршіксіз тазалықты, әдеп пен әдемілікті насихаттау, ербалаларға бата беруді үйрету мақсатында 16-наурыз "Біртүтас тәрбие" аясында және "Даналық мектебі" алқасында Б.Урматова қыздарға өмірлік іс-тәжірибелерімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін айтып, ататек жайында сөз қозғады. Ұлтыңды сақтаймын десең, қызыңды тәрбиеле дейді дана халқымыз. Адал мен арам, обал мен сауаптөңірегінде қыздардың санасына астарлап түсіндірді.
Сынып жетекшілер сынып оқушыларына "Батаменен ер көгереді, жауынменен жер көгереді" дегендей, ізгіліктің жарығындай бала жүрегіне жылылық ұялатып, аталық, әжелік мейрімдерін танытып, дастарқанға, наурызнама батасын бірнен-соң, бірі беріп жатты. "Наурыз берекем-наурыз мерекем" атты ашық тәрбиелік іс-шараны 4а-сынып тәрбиешісі Л.Баратова мерекелік ажарын келтіріп, сыныпты кереметтей безендіріп, наурыз көжені 9-түрлі дән қосылған көжені барша іс-шараға қатысқан оқушыларға, әріптестеріне дәм татқызып , қалай дайындағанын насихаттап өтті. "Бесік салар" дәстүрін де оқушылары сомдап, көрніс көрсеті, бата беру байқауында да бастауыш сынып жетекшілері М.Байтурсынова, А.Айдарова, жоғары сынып жетекшілерден П.Баубекова, Г.Сәрсенбаева, Р.Досыбаева өз сынып оқушыларымен танылды.