+7 771 367 63 68

KZ RU

15 наурыз

15 Наурыз 2024
"Наурызнаманың" бекітілген онкүндігіне сәйкес "11 санаториялық мектеп-интернаты"КММ де Қайрымдылық күніне орай мектеп-интернат әлеуметтік-педагогы Ш.Ташқараева қайрымдылық жобасы аясында мерекелік концерт ұйымдастырды. Мерекелік концертті Арман Жандарұлы жүргізді. Үйірме жетекшісі А.Балғынбаеваның бишілері мың бұралып, би билеп, сахнанын ажарын келтірді. Ән, музыка пәнінің мұғалімі Ф.Наурызбаеваның шәкірттері ән шырқап, көпшіліктің көңілін көтерді. Концертте "№1 Қазығұртауданының өнер мектебінің" өнерпаз жас әнші оқушылары өнер көрсетті. Ән және музыка пәнінің мұғалімі Наурызбаева Фарида Айдарбекованың шәкірттерімен бірге демеушілік жасады. Есімхан Жәңгірхан "Бозторғай ана", "Бақ" әнін, Сайрамбай Олжас "Ананы сүйсең менше сүй", Рахымжанов Бейбарыс "Мама", Мұратұлы Асыл" Белые розы", Қуаныш Нұрай "Гүлмін" әнін нақышына келтіре орындады. Концертті трио "Атамекен"әнімен қорытындылады.
4" А" сынып тәрбиешісі Н.Қыдырбаева "Қайрымдылық - жылы жүректен" атты тәрбие сағатын өтті. Оқу жылынын басынан бері , бүгінгі күнге дейін мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне қайрымдылық жасап келе жатқат бір топ азаматтарға мектеп директоры А.Юсуповаға, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков бүгінгі мерекелік іс-шараны дайындаған Ш.Ташқараеваға және "Біртұтас" тәрбие жұмысы аясында "Қайрымдылық" акциясына қатысып , мектеп-интернат балаларына қол ұшын бергені үшін мектеп директоры А.Юсупованың атынан бір топ кәсіпкер демеушілерге АЛҒЫС ХАТТАР табысталды.
Политика конфиденциальности
Рейтинг@Mail.ru
Данный сайт использует файлы cookie и прочие похожие технологии. В том числе, мы обрабатываем Ваш IP-адрес для определения региона местоположения. Используя данный сайт, вы подтверждаете свое согласие с политикой конфиденциальности сайта.
OK