16 ЖЕЛТОҚСАН-ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ


Қазақстан - жүрегім" тақырыбында ашық тәрбие сабақ өткізілді.

патриоттық сезімде тәрбиелеу және ұлттық сана-сезімді арттыру. Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алғанға дейінгі тамыры терең тарихымен және бүгінгі жетістіктерімен таныстыру. Өз еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Қ. Сәтпаев атындағы ЖББМ мектеп - лицей ағылшын тілі және оқу ісі жөніндегі орынбасар Жанат Мырзашова Аманжоловна және Желтоқсан оқиғасының құрбаны болып ақталған, Қазығұрт аудандық желтоқсаншылар қоғамдық ұйымның төрайымы, Қазығұрт аудандық білім бөлімінің бас экономисті Асқарова Хадиша Серікбаевна мектебімізге "Тәуелсіздік-тірегім, Қазақстан-жүрегім" атты тәрбиелік іс-шарамыздың қадірлі қонағы болып, жылы лебіздерін білдірді. Және де, мектебіміздің директоры
А. Юсупова, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар О. Салибеков, әлеуметтік педагог Ш.Ташқараева, ұйымдастырушы педагог
А. Қалдыбаева, тәлімгер Б.Тілепова, ұстаздар мен тәрбиешілер, 5 - 9 сынып оқушылары қатысып отырды.



Қымбаттанда ең қымбат барымыз.
Тәуелсіздік - білектегі әліміз,
Тәуелсіздік - жүректегі әніміз. Тәуелсіздік еліміз мәңгі жасасын!
Тәуелсіздік күні құтты болсын!