Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында 14-23 наурыз аралығында "Наурызнама" онкүндігі жарияланды.
14-наурыз Көрісу күні- Амал мерекесі аясында дәстүр бойынша жасы үлкен кісілерге туған-туыстарға, көршілерге, қызметтестерге сәлем беру, өкпе ренішті кешіруді сұрап, амандық саулықты тілейді. Бұл күні ешкім ешкімге ренжімей жастары жүріп, көріседі. Алдынан шыққан адамға қабақ шытпай көтеріңкі көңіл күймен қарсыалаған. Осы салт дәстүрді жаңғырту мақсатында" №11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-де 14-наурыз күні Көрісу күні - Амал мерекесі ұйымдастырылды. Көрісу- тек адамдардың бір-бірбіріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ, жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрніс. Өйткені, көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді. Осы орайда мектеп-интернат ұжымы, таңертеннен жатақхана қызметкерлері, асхана қызметкерлері, мектептегі қызметкерлерімен және мектепке жақын көршілес зейнеткерлерді әрбір бірлестік мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін білдіріп, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татқызып, көрісіп шықты. Бұл қазақ халқының өскелең ұрпақты ізеттілік пен мейрімділікке, ауызбіршілік пен кішіпейілділікке, татулық пен бауырмалдыққа бастайтын ерекше үрдістердің бірі. Жаһандану заманында қазақтың ұлт болып, мемлекет болып, сақталып қалудың бірден-бір кепілі ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды сақтап, ұлттық құндылықтарымызды жас ұрпақтың санасына сіңіру. Соңдықтан ел бірлігіне, ыңтымаққа бастайтын Көрісу мейрамын тойлаудың еш артықтығы жоқ,-деп директор А.Юсупова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков мерекелік құттықтауларын айтып, көрісіп, көрісу шаралары жалғаса береді,-деді!!!