Түркістан облысының білім басқармасының "№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ 3 "б" -сынып тәрбиешісі А.Сойлыбаева "Ғажайып ғарыш әлемі" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: Ғарыш әлемі жайлы және 12 сәуір-ғарышкерлер күні туралы мағлұмат беру. Тұңғыш ғарышкерлермен және Қазақстан ғарышкерлерімен таңыстыру. Экологиялық сана қалыптастыру және дамыту, Адамзаттың ортақ үйі- Жер планаетасына, ғарыш әлеміне сүйіспеншілікке тәрбиелеу, Оқушылардың сөздік қорынжетілдіріп, тіл байлығын молайтып, ойлауға, армандауға баулу болды.
Сабақта; слайд, суреттер, ұшақ, тікұшақ, жұлдыздар, күн, ай, планеталар т.б қолданылып, сұрақ-жауап алып, баяндау арқылы, көрнекілікті пайдалана отырып, түсіндіріп, ойын ойнатып, слайдтар мен жұмыс жасап". Жылулық шеңбері" тренинг.
Ауадан қуат алайық,
Алақанға салайық,
Жерден нәр алайық,
Алақанға салайық
Күннен шуақ алайық,
Күн шуағын қонақтарға шашайық!!!
Ой шақыру. Ғарышкерлер туралы тақпақтар айту. Ғарышкерлерге тән қасиеттерді ата?, Кім көп біледі?, Кім білгір? Жұмбақ шешу. Ой жүйрік. Жас математик балалар, берілген есептерді шығарып, ғарышкерлердің атын тапты. А.Сойлыбаева "Егер мен ғарышкер болсам..... "Егер сен ғарышкер болсаң не істер едің? деп сабақты аяқтап, қорытындылады.
Сабаққа қатысқан, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков, оқу ісі жөніндегі орынбасары Е.Амірбеков, тәрбиешілер бірлестігінің жетекшісі Л.Наушабекова, тәрбиеші А.Шынжигитова, Г.Курбанова, П.Ергешова , ата-ана Амрекулова А. да оң бағасын беріп, шығармашылық табыс тіледі.