"№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-де "Мұқағали Мақатаев -93" жаста тақырыбында ақынның туған күніне орай поэзиялық кеш өтті. Кешті әлеуметтік педагог Шархия Ташкараева ұйымдастырып өткізді.
Оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, әндерін орындады. 9"а" сынып оқушылары "Жетімдер үні" көрінісін көрсетсе, 9"б"сынып оқушылары "Жоқ,дәрігер" көрінісін қойды.Тәрбиешілер Балғынбаева Ақерке мен Құрбанова Гүлнұр ақын әндері "Саржайлау", "Бақыт деген" әніне биші қыздардыдайындап, мың бұрала бишілер билеп шықты. Кеш өте әсерлі өтті. Оқушылар ақын өлеңдері мен көріністерден ақын өмірін сезіне білді. Ақынның өз даусымен оқыған "Бұлқынды жүрек"... өлеңін тыңдаумен кешіміз басталды. Кеш өз дәрежесінде өтті.