⚘️1 НАУРЫЗ "АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ"
"АЛҒЫС АЙТУ ПАРЫЗЫМ"⚘️

"№11 санаториялық мектеп интернаты" КММ-де 1 наурыз "Алғыс айту күні" мерекесіне орай түзілген "Алғыс айту парызым" тақырыбындағы іс-шара жоспарына сәйкес мектеп оқушылары мен ұстаздардан
"Кімге алғыс айтар едің?" бейнеролик түсіріп, құттықтау жолдады.

Алғыс айту күні – сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ - бірлігін айғақтайтын ерекше күн.

Алғыс айту күні – қазақ халқының дархандығы мен даналығын көрсететін айтулы күн. Бұл мерекенің кең ауқымды мән- мағынасы бар.
Қазақ халқы осы күні бір- біріне, әкеге, анаға, әпкеге, ініге, ұстазға, сүйгенге, Елге, Өмірге өз ризашылығын білдіреді, құрмет көрсетеді.