+7 771 367 63 68

KZ RU

1 наурыз

01 Наурыз 2024
Түркістан облысының білім басқармасының "№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-де 1-наурыз Алғыс айту күні мерекесіне орай таңертенгілік тәрбиелік іс-шаралар өтті.
Айтулы күн жақсылықты бағалай білуге, әр іске жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды. Кең пейілді қазақ халқы қашанда әрбір игі іске ризашылығын білдіріп, алғыс айтып отырған. Осындай құндылықтардың қадіріне жете білген елдің қашанда келешегі кемел болары анық. Міне, осы күнітәрбиешілер бірлестігінің жетекшісі, зерттеуші-педагог Л.Наушабекова, зерттеуші-педагог А.Сулейманова педагог-тәрбиешілердің , оқушылардың ұйымдастырылған тәрбиелік іс-шарада ұрпақ тәрбиесінің көрігін көрсеткен болды.
Мектеп директоры А.Юсупова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков барша мектеп ұжымын бүгінгі мерекемен құттықтап, татулық пен тыныштық, елімізді алға өрлеуге зор ықпал етіп, өз үлесімізді қосуға аянбай еңбек етуге және бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ынтымақ-бірлігі арта берсін деп алғысын білдірді.
Политика конфиденциальности
Рейтинг@Mail.ru
Данный сайт использует файлы cookie и прочие похожие технологии. В том числе, мы обрабатываем Ваш IP-адрес для определения региона местоположения. Используя данный сайт, вы подтверждаете свое согласие с политикой конфиденциальности сайта.
OK