"№11 санаторий типтес арнаулы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
1-қыркүйек білім күніне арналған «Әділетті Қазақстан, сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты мерекелік жиынға жиналған қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ата-аналар, оқушылар мен алғаш мектеп табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршіндерді құттықтап, мерекелік жиынды бастады.
Жүргізуші өлең жолдарымен салтанатты жиын болып жатқан ортаға 1-сынып оқушылары мен ұлағатты ұстазы ҚыпшақбаеваАсемкул, тәрбиешілері Раймова Нуржамал, Сапиева Жанат апайларды ортаға шақырды, бүлдіршіндер мен ұстаздар жиын өтіп жатқан алаңды 1рет айналып, арнайы дайындалған орынға барып тұрды.
Оқушылар мен келген қонақтар сапқа түзеліп, алаңға ҚР мемлекеттік туы әкелінді. Мемлекеттік әнұраны шырқалды. Келесі кезекте мерекеміздің құрметті қонақтарымен, ұлағатты ардагер ұстаздарымыз Абуова Сара, Урматова Бибігул апайлар және ата-ана Назипа Жақсыбайқызымен таныстырылды. Қонақтар ақ тілектерін оқушылар мен мектеп табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршіндерге ақ тілектері мен батасын берді.
"Мектебім-мейірім мекені" атты мерекені салтанатты түрде ашу үшін алғашқы сөз кезегі мектеп директоры, А.Юсуповаға берілді.
2022-2023ж.ж оқу жылында жетістікке жеткен ұстаздар С.Абуова, С.Арымбаева, Ж.Туляева, Г.Жаппаркулова, Ж.Райымова мараптталды.
1-сыныпқа қадам басқан бүлдіршіндердің жүрек жарды өлең шумақтары мен әндерін айтып берді. Сынып жетекшісі өз тілегін арнады.
Келесі сөз кезегін директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, Салибеков пен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, Е.Әмірбековке сөз берді. Сөз соңында 1-сынып оқушыларына сыйлық берілді.
Жүргізуші алғашқы қоңырауды мектеп мақтаныштары, оқу озаттары Байымбетов Марлен, Амангелді Балнұр мен алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндермен алғашқы қоңырау соғылды.
Жаңа 2023 - 2024 оқу жылына арналған «Әділетті Қазақстан, сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты салтанатты жиынын жабық деп жариялады.