+7 771 367 63 68

KZ RU
Главная Директор блогы

Директор блогы

Директор блогы - “N 11 санаториялық мектеп-интернаты “  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Юсупова Айгуль Мирзалиевна

Түркістан облысының білім басқармасының "№11 санаториялық мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемсінің директоры

Биография







Қош  келдіңіздер!

         Бүгінгі таңда тәуелсіз мемлекет алдында тұрған негізгі мақсаттардың  бірі-дүниежүзілік  білім әлеміне ену. Бұл салада білім беру ісінің мазмұнын  жаңа бағытқа бұрып, құрылымдық жүйесін жаңарту, өзгерістер енгізу-білім  реформасын  жүзеге  асыру  алғы шартта    тұрғаны   баршамызға  аян.

         Білім адамзаттың   терең   және  үйлесімді   дамуын   бекітетін  құралдардың  бірі, әлеуметтік  тұрақтылық пен   ұлттық  қауіпсіздіктің  маңызды  факторы. Қазіргі  кезде  мұғалімге  қойлатын  талаптар  күшті.  Жаңа  формация  мұғалімнен  тек  өз  пәнінің   терең  білгірі болу  ғана емес, тарихи  танымдық, педагогикалық, психологиялық  және  ақпараттық   сауаттылық  талап  етілуде.

         Қай  қоғамда  болсын  істің  тетігін  мамандар  шешеді. Ендеше, білім  сапасын  көтеру  ісі, жоғарыда  аталған  міндеттерді  жүзеге  асыру  тетігі  ұстаздар  қауымына   байланысты. Мектепте барлық  мұғалімдер саны -48, оның ішінде жоғары білімдісі -48,  педагог-зерттеушісі-15, педагог-сарапшысы-9,  педагог-модераторы-4,  Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері-1, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталғандар саны-3.  

         Мектеп-интернат 1963 жылы 1 қыркүйекте  салынған. Бүгінгі таңда 57  жылдық  тарихы  бар  білім  ошағы. Мектеп ғимараты- 400 оқушыға, жатақхана ғимараты-300 оқушыға арналған. Ғимараттың жалпы ауданы 5143м2, мектеп учаскесінің алаңы 4,5484га. Оқу кабинеттерінің саны-17, оның ішінде 5 мультимедия кабинеті, 2-компьютер сыныбы,1-лингафон кабинеті, 4-интерактивті жабдық  жұмыс жасайды. Спорт залы, спорт алаңдары, акт  залы-166 орын, 200 орындық асханасы,  25  орындық  кітапханасы бар.

         Мектеп-интернаттың  жетістіктері  мен өзгерістері  ұшан-теңіз.

Жалпы мектеп пен  жатақхана ғимараттарын  күрделі  жөндеуден  өткізіп, заман  талабына  сай  жабдықталған. Мектеп  ауласын көркейтіп,  көгалдандырып, көшеттер  отырғызылды.

         Мектеп-интернатта 2020-2021  оқу  жылы  барысында  2-дәрігер, 6-мейірбике  қызмет  етуде.

         ҚР ДСМ-30.11.2020 жылғы   «Туберкулез  кезінде  медициналық  көмек  көрсетуді  ұйымдастыру  жөніндегі  нұсқаулықты  бекіту  туралы » осы  бұйрыққа  сай   мектеп-интернатқа «Туб.контакт» -туберкулез  ошағының  жанұясының  балалары  және реакция-манту  сынамасы  алғаш  рет  оң (+) болған «Туберкулез   микробактериясын»  алғаш  рет  жұқтыруы  анықталған жолдамамен  қабылданады.

         Оқу  жылы  барысында  әр 6  айда   кеуде рентгенограммасы, р-манту  сынамасы  қойылады. Диаскинтест  сынамасы  оң (+) нәтиже  болса, 6 ай  көлемінде  туберкулезге  қарсы   химиопрофилактикалық  ем   тағайындалады (салмағына  қарай) қосымша  витаминотерапия, құнарлы  тағам.

         Осындай  жолдамамен  қабылданған  балаға  жалпы  медициналық  профилактикалық  байқаудан өткізіліп, табылған  аурулар  диспансерлік  есепке  алынып, тиісті  мамандардан  ем қабылдап сауықтырылады (педиатр, невропатолог, окулист, лор т.б).

1 жыл  оқу  мерзімінен  кейін, сауыққан  бала  жалпы  білім  беретін  мектепке  жіберіледі.   

         Мектепте  жылма - жыл  «Мектепке жол» акциясы  және «Қамқорлық» акциялары  жұмыс  жасайды. Мектеп  ұжымы  мұғалімдер, қызметкерлер  қолдауымен  өткізіледі. Қамқоршылық  кеңесінің  мүшелері  де  демеушілік  жасайды.

         Білім  бар  жерде  даму, жетілу, кемелдену  бар. Мектеп-интернаттан  жыл  сайын  түлектер  қанатын  қағып, колледждерге, орта  мектептерге  орналасуда.

         Білім  ордасының  өткені  мен  бүгінгі келбетін  көрсететін  осы  сайт  көпшілік  көңілінен  шығады  деп  ойлаймын.

         Сондықтан да ұлттық тұғырын берік ұстап келе жатқан білім ордасының өткені мен бүгінгі келбетін көрсететін осы сайт көпшілік көңілінен шығады деп ойлаймын.

Құрметпен  мектеп-интернат  директоры  Юсупова Айгуль  Мирзалиевна

Политика конфиденциальности
Рейтинг@Mail.ru
Данный сайт использует файлы cookie и прочие похожие технологии. В том числе, мы обрабатываем Ваш IP-адрес для определения региона местоположения. Используя данный сайт, вы подтверждаете свое согласие с политикой конфиденциальности сайта.
OK