+7 771 367 63 68

KZ RU
Главная Біз туралы Мектеп әкімшілігі Ташкараева Шархия Мухтаровна

Ташкараева Шархия Мухтаровна

Документтер

Ташкараева Шархия Мухтаровна “11 санаториялық мектеп-интернаты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік педагогы.   1974 жылы 16 маусымда, ОҚО Қазығұрт ауданы, Қақпақ ауылында дүниеге келген. 2008 жылы Шымкент әлеуметтік педагогикалық университеттінің қазақ тілі және әдебиет мамандығын бітірген.  2010 жылы аталған мекемеге тәрбиеші қызметіне қабылданып, 2015 жылдан  бері әлеуметтік педагог қызметін атқарып келеді.

Лауазымдық міндеттері:

 -  Балалар мен отбасының мүшесіне жүргізілетін психодиагностикалық, психокоррекциялық қызмет әдістерін негіздеп, сараптайды және өңдейді.

 - Әлеуметтік жағдайларын зерттеп оған болжам жасайды. Отбасы мен балаларға әлеуметтік-педагогикалық нақты көмек формаларын жеке түрлерін ұсынады.

 -  Баланың жан-жақты дамуына жағдай жасау, оқу мен тәрбиеге теріс көз қарасты жою, салауатты өмір салтына көз қарас қалыптастыру, бала тұлғасы дамуының себептерін  анықтап, алдын алу сақтандыру шараларын жүргізу, үгіт насихат жұмыстары арқылы педагогтар мен балалардың психологиялық, құқықты біліктілігінің болуын қамтамасыз ету.

 - Жас ерекшелігінің әрбір кезеңіне байланысты баланың жеке дамуына кешенді ықпал ету.

 - Әрбір оқушының өмір сүру жағдайын, микроортаның психологиялық, медициналық,  педагогикалық ерекшеліктерін зерттейді.

 - Оқушы мен мекеменің, отбасының, әлеуметтік ортаның арасындағы келістіруші міндетін атқарады.

 - Баланың қайда оқитындығы мен жұмыс істейтіндігіне қарамастан өз мөлтек ауданындағы   кәмелетке толмаған жас өспірімдер жағдайынан хабардар болып отыру.

 - Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасы жағдайымен танысып, олардың ата-аналарынан қалған мүліктерінің сақталуын қадағалау, қамқорлыққа алушымен байланыста болу.

 - Асырап алуды және өмірдің қиын кездеріне кезіккен жас өспірімдерді ҚР «балалардың  құқықтары туралы» заңына сәйкес құпиялықта ұстау.

 - Әр бір жеке тұлғаның өсіп қалыптасуына жағдай жасау, оқушының өзін еркін ұстау және отбасымен бірге қалыптасуын қадағалау.

 -  ОҚО балалардың құқықтарын қорғау бөлімдерімен бірлесіп жұмыстар жүргізу.

 - Мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктер және ұйымдармен бірлескен жұмыстарды үйлестіру.

 -  Мектеп әкімшілігі, педагог-психологтармен, сынып жетекшілерімен, тәрбиешілерімен және аға тәлімгермен бірлескен тәрбие жұмыстарына қатысады.

 -  «Өмірде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды әлеуметтік оңалту» тақырыбында жүргізілетін тәжірибе алаңы жұмыстарына қатысады.

 -  Педагогикалық этика нормаларын сақтау.

 -  Өз білімін үнемі жетілдіріп отырады, сонымен қатар өз қызметінде ҚР «Білім туралы»,   «Неке және отбасы», «Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық педагогтық қолдау туралы», «бала құқығы туралы»заңын, ҚР бала  құқықтарына, тәрбиесіне қатысты заңдарын, басқа нормативті актілер мен құжаттарды негізге алады.

 -  ІІІ қабаттағы кабинеттермен коридордың тазалығын қадағалау, безендірілуі және материалдық-техникалық базасына бақылау жасау.

 -  Пәндер  мен сыныптан тыс жұмыстарға бақылау жасау.

ü Оқушылардың  дәптерінің ұсталымы.

ü Қазақ тілі пәнінің берілуі.

ü Ағылшын тілі пәнінің берілуі.

ü Баспа сөз. Мұғалімнің шығармашылық жұмысының баспа сөзге жарияланғандығын ұйымдастыру.

 

Политика конфиденциальности
Рейтинг@Mail.ru
Данный сайт использует файлы cookie и прочие похожие технологии. В том числе, мы обрабатываем Ваш IP-адрес для определения региона местоположения. Используя данный сайт, вы подтверждаете свое согласие с политикой конфиденциальности сайта.
OK