+7 771 367 63 68

KZ RU
Главная Біз туралы Мектеп әкімшілігі Сейдалиев Арман Жандарович

Сейдалиев Арман Жандарович

Документтер

Сейдалиев Арман Жандарович “№11 санаториялық мектеп-интернаты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологы. 1990 жылы Қазығұрт ауданы, Қазығұрт елді мекені, Қарабау ауылында дүниеге келген. 2012 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің педагогика және психология мамандығын бітірген. 2013 жылы аталған мекемеге педагог-психолог қызметіне қабылданып, сол сала бойынша қызмет жасап келеді.

 Лауазымдық міндеттері

 - Тұлғаның психикалық денсаулығына қамқорлық жасайды, ол үшін дамытушылық психикалық ыңғайлы орта құрады, салауатты өмір салтын қалыптастырады.

 - Психикалық даму барысын бақылау мақсатында жиі жаппай зеріттеулер жүргізеді, психологиялық көмекті қажет ететін адамдарды анықтайды, олардың есебін алады және бақылайды.

 - Өз қызметін төрт негізгі бағытта:психодиагностика, психологиялық кеңес беру; психопрофилактика, психологиялық коррекция түрінде жүзеге асырады.

 - Қажетті психо-педагогикалық өлшемдерді, нәтижелерді өңдейді, психологиялық қорытындылар мен ұсынымдарды дайындайды.

 - Оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар арасында ағарту және кеңес беру жұмыстарын жүргізеді; кәсіби кеңес беру және кәсіби бағдар беруші зеріттеулерді жоспарлайды және ұйымдастырады; психопрофилактикалық жұмысты қамтамасыз етеді; психологиялық қауіп зонасында орналасқан адамдарды айқындайды; әлеуметтік және педагогикалық босаңсыған  оқушыларға көмек көрсетеді; осы категориядағы балаларға ерте профилактика және коррекция жасайды; осы бағытта сынып ұжымдарымен мақсатты жұмыс жүргізеді.

 - Жанұяда балаларды нәтижелі отбасылық тәрбиелеу үшін микроклимат қалыптастыруға, жанұя  ішілік дау-жанжалдарды шешуге көмек көрсетеді; отбасыдағы ата-аналар  құзырлылығының  диогностикасын және дамуын жүзеге асырады.

 -  Балалардың икемділігін дамыту, тұлғаның психологиялық мәдениетін қалыптастыру, қайырымды адами қарым-қатынасты қалыптастыру және оқыту, тұлға аралық және іскерлік дау-жанжалдарды шешу, экстремальды жағдайларда көмек көрсету жұмыстарын жүзеге  асырады.

 - Психодиагностикалық  жұмыстарды жүргізеді, дефектолог, медициналық қызметкерлер, заңгерлер, валеология пәні және өзін-өзі тану курстары мұғалімдері, басқа  мамандардың қатысуымен балаларды, жасөспірімдерді тереңдетіп оқытуға қатысады.

 - Тапсырыстардың түсуіне қарай (соның ішінде жоғарғы сыныптарда кәсіби бағыт-бағдар беруші жұмыстар шеңберіндегі диогностика және мектепке дайындық  диогностикасы; педагогикалық шеңберлік пен шығармашылықты дамыту шеңберіндегі диогностикасы)  психодиагностикалық жұмыстар жүргізеді.

 - Ғылыми және практикалық психологияның жетістіктері туралы, оқу үрдісіне қатысушыларға психологиялық зерттеулер, диагностиканың жаңа әдістемелері туралы   мәліметтер банкін  жасайды.

 - Оқушылардың біртұтас білім үрдісінде өзін-өзі бағалауға, оқуға тулғалық, интелектуалдық, әлеуметтік-психологиялық дайындығы деңгейлерін зеріттейді;  шығармашыл   дарынды балаларды психологиялық қолдайды, олардың дамуына жағдай жасайды.

 - Оқушыларды жеке, тұлғалық-ізгілікті, тұлғалық-бағытталған және дамытушы жақындау жолымен қамтамасыз ету мақсатында психологиялық-педагогикалық зеріттеу   жүргізеді; тұлғаның және интеллектінің бұзылуының психологиялық себептерін анықтайды, осыған   ұқсас жағдайлардың алдын алады.

 - Оқытудың барлық сатыларында оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін және жеке  тұлғалығын қалыптастыруға және  бекітуге ықпал жасайды; қазіргі қоғам өміріне   бейімделген дамушы тулғаның қалыптасуына көмектеседі; оқушылардың кәсіби бағытталуына және интелектінің, тұлғанын толыққанды дамуына қамтамасыз етуге   көмектеседі

 - ҚР-ның «2015 жылға дейінгі білім дамуының» Тұжырымдамасын, педагог-психологтың біліктілік мінездемесінің талаптарын( ҚРБжҒМ-нің 22.08.2002ж №629бұйрығы)   басшылыққа ала отырып, интегративті педагогиканың және акеологиялық жақындау жолының негізінде  құзырлық және біліктілігі деңгейін үнемі арттырып отырады.

 -  Ішкі еңбек тәртібі ережесін, мектеп жарғысы талаптарын сақтайды.

 -  І қабаттағы фойе, спортзал бөлмелеріндің тазалығына, безендірілуі, материалдық – техникалық базасына бақылау жасайды.

 - Балаларға кедергі болатын факторларды анықтап , жетілуінде әр түрлі психофизиологиялық ауытқуы бар балаларға психологиялық диагностика жасайды, ауытқу дәрежесін анықтайды, психопедагогикалық түзету жасайды.

 - Әлеуметтік дезодаптацияның болуына байланыты алдын алу шараларын жасайды;   факторларын анықтайды,оқушылардың жетілуіне көмектесетін әр түрлі психологиялық  көмектер көрсетеді .

 

Политика конфиденциальности
Рейтинг@Mail.ru
Данный сайт использует файлы cookie и прочие похожие технологии. В том числе, мы обрабатываем Ваш IP-адрес для определения региона местоположения. Используя данный сайт, вы подтверждаете свое согласие с политикой конфиденциальности сайта.
OK