Салыбеков Болат Омарович
Жылдық жоспар есебі.2023-2024 ж
"№11 санаториялық мектеп-интернаты" Дене тәрбие нұсқаушысы Салыбеков Болат Омарович "Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы" университетін Дене шынықтыру және спорт мамандығын 2022жылы бітіріп, 2023жылдың Қыркүйек айынан бастап №11 сансториялық мектеп-интернатында дене шынықтыру нұсқаушысы болып жұмыс жасап келеді. Лауазымдық міндеттері: Білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай дайындығын, жеке және психофизикалық ерекшеліктері мен мүдделерін ескере отырып, білім беру бағдарламасына сәйкес оқу процесін жоспарлау және жүзеге асыру;
- сайыс кестелері мен бағдарламаларын әзірлеу, жоспарлау және үйлестіру;
- чемпионаттар мен басқа да спорттық жарыстарды ұйымдастыруды және өткізуді дайындау;
- спортшыларды немесе командаларды жарыстарға немесе ойындарға ынталандыру және дайындау;
- ойын немесе спорттық шаралар кезінде спортшылар мен ойыншылардың іс-әрекеттерін, бәсекелестік стратегиялары мен ойын жоспарларын әзірлеу;
- спортшылардың техникалары мен өнер көрсетулерін қадағалау және талдау, болашақта жетілдірулерді қажет ететін бағыттарды анықтау;
- ойынның аяқталу уақытын бақылау және іс-шаралар мен жарыстар кезінде есеп жүргізу;
- спортшылардың жарыста өнер көрсетуіне төрешілік ету, ұпай беру, құқық бұзушылықтар үшін айыппұл салу және нәтижелерді анықтау;
- бұқаралық ақпарат құралдарымен және демеушілермен өзара әрекеттестікті ұйымдастыру;
- спорттық шотты, басқа да спорттық рекордтар мен жетістіктерді тіркеу;
- спорт жарыстарының ережелері мен допингке қарсы ережелердің сақталуын бақылау;
- дене шынықтыру мен спортты насихаттау бойынша шараларды жоспарлау және өткізу.