+7 771 367 63 68

KZ RU
Главная Біз туралы Мектеп әкімшілігі Салибеков Омар Тилеуович

Салибеков Омар Тилеуович

Документтер

Жылдық жоспар 2021-2022ж

Жылдық жоспар 2022-2023ж

Жылдық жоспар 2023-2024ж

Түркістан облысының білім басқармасының "11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-нің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Салибеков Омар Тилеуовичтің қызметінің қорытындылары жайлы мәлімет: - Жалпы пед.еңбек өтілі 38жыл. - Бітірген оқу орындары: Шымкент физкультура техникумы 1981-1985ж. Арасында екі жыл әскери қызметте болдым. М.Әуезов атындағы ОҚМУ -тің "Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру" мамандығы бойынша бітірдім. -1985жылы " Қазығұрт" жалпы орта білім беру мектебінде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып қабылдандым. -1987 жылы аудан орталығындағы "11 санаторий типтес арнаулы мектеп-интернаты" КММ не дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып ауыстым. Мұғалім болып жүріп қоғамдық жұмыстарға белсене араласып , комсомол комитетінің төрағасы, кейін бастауыш партия ұйымының төрағасы қызметтерін атқарды. 2005 жылдан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне сайланды.Зерттеуші-педагог , Сынып жетекшілер мен тәрбиешілердің әдістемелік бірлестігіне басшылық жасап, тәрбие жұмысында қаншама жетістіктерге жетті:- Атап айтқанда, - 2011 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен " ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерекелік медалімен және "Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер" тқс белгісімен марапатталды. Мектептің 50-жылдық мерей тойында Кеңес Одағының батыры Генерал С.Рахимов медалімен марапатталды. 2017 жылы білім беру ұйымының басшылары арасында "Табысты менеджер-2017" байқауына қатысып Алғыс хатпен марапатталды. -2019 жылы "Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін" төс белгімен марапатталды. - 2020 жылы Президент Қ.Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына арналған жолдауын білім беру ұйымдарының педагогтары мен білім алушылары арасында кеңінен насихаттау мақсатында " Дарынды оқушылардың қаблетін айқындау, дамыту, жобасы аясында өткен " Қазақстанның еңбек сіңірген педагогі-2020" атты республикалық байқауға қатысып жеңімпаз атанып 1-дәрежелі дипломмен және "Қазақстанның еңбек сіңірген үздік педагогі" атты республикалық байқауының материалдар жинағы кітабына енді. Білім саласына қосқан айрықша еңбегі үшін "Қазақстанның еңбек сіңірген педагогы" атты төс белгімен марапатталды.- 2020 жылы тамыз айында Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды. - 2021 жылы Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін " ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ" белгісімен марапатталды. 2021 жылы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсанында Республикалық Nur Otan партиясының төрағасы Н.Назарбаевтың "Алғыс хатымен марапатталды. - 2022 жылы " Қазақстан жыл мұғалімі - 2022" атты республикалық байқауында жеңімпаз атанып 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. - 2022 жылы "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері" атты республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанып 1-ші дәрежелі дипломмен және төс белгімен марапатталды. - 2023 жылы Білім беру жүйесін дамытуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін АЛҒЫС ХАТ пен марапатталды. - 2023 жылы ерекше сіңірген еңбектері үшін Салибеков Омар Тилеуович "Қазығұрт энциклопедиясы" кітабына енді.

Лауазымдық міндеттері.

  - Директордың  тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына төмендегі  міндеттер жүктеледі:

 - Мектептің даму бағытын, ерекшеліктерін, педагогтардың мүмкіндегін, оқушылардың тәрбиелік деңгейін негізге ала отырып, тәрбие жұмысының жүйесін жасап  қалыптастыру.

 - Сынып, үйірме жетекшілерін, психологтың, тәлімгердің тәрбиелік іс-әрекетін жаңа модель тұрғысына бейімдеу, тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар жұмыстарды ұйымдастыру бақылау жасау.

  - Тәрбие процесін дұрыс ұйымдастырылуын қадағалау; оқушылармен жүргізілетін жұмыстар бағдарламасын, ағымдағы және алдағы тәрбие процесін жоспарлау, тәрбие  іс шаралар кестесін жасау.

 - Мектептің құқық идеологиялық, ИДН. Ішкі істер бөлімдерімен бірлескен жұмыстарын  ұйымдастыру.

 - Окушылардың тәрбиелік денгейін айқындау, оқушылардың денсаулығын, мүдделері  мен құқықтарын қорғау.

 - Оқушыларды тәрбиелеуде  бірігіп жұмыс істеу үшін, мектеп пен  мектептен тыс мекемелердің, кәсіпорындардың, шығармашылық ұжымдардың байланысын нығайту.

 - Оқушылардың өзін-өзі басқару құрылымдарына  және қоғамдық ұйымдарына көмек  көрсету.

 - Әлеуметтік қауіпті  топтар  оқушыларының мектепішілік есепке алынуын қадағалау, жасы толмаған жасөспірімдермен қызмет істейтін ұйымдармен мектептің байланысын ұйымдастыру.

 - Үйірмелер, клубтар және балалар бірлестігінің іс-әрекеттірін реттеу, үйлестіру,

 Оның жұмысын насихаттау.

 - Тәрбие саласындағы озат тәжірибені зерттеп, жинақтау, тарату, тәрбие ісіне барлық жұртшылықты тарату.

 - Гуманистік тәрбиенің ғылыми-тұжырымдамалық негіздеріне, тәрбие процесінің технологиясына сүйене отырып, мектеп оқушыларының тәрбие бағдарламасын жасау.

 

Политика конфиденциальности
Рейтинг@Mail.ru
Данный сайт использует файлы cookie и прочие похожие технологии. В том числе, мы обрабатываем Ваш IP-адрес для определения региона местоположения. Используя данный сайт, вы подтверждаете свое согласие с политикой конфиденциальности сайта.
OK