Бердимбетов Бакытберген Курбаналиевич
Бердимбетов Бакытберген Курбаналиевич “№11 санаториялық мектеп-интернаты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің музыкалық нұсқаушысы. 15.08.1986 жылы Қазығұрт ауданы, Қазығұрт елді мекенінде туылған. 2016 жылы Аймақтық әлеуметтік- инновациялық университетін “Музыкалық білім” білім бакалавры дәрежесі бойынша бітірген. “№11 санаториялық мектеп-интернаты” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 02.12.2015 жылы лаборант болып қабылданып, 16.01.2019 жылдан бері музыкалық нұсқаушы қызметін атқарып келеді.
Лауазымдық міндеттері:
- Мемлекеттік жалпыға міндетті оқыту стандартына сәйкес тәрбиеленушілердің музыкалық тәрбиесін және эстетикалық дамуын жүзеге асырады.
- Көпшілікке арналған ойындарды, ұжымдық және ойын қарым-қатынасын өткізеді.
- Музыкалық және басқа да мәдени іс-шараларды, балалардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастырады.
- Сценарийлер, тақырыптық бағдарламалар әзірлеп, балалардың ұжымдық бос уақытының дұрыс өткізілуін ұйымдастырады, балалармен дербес жұмыстар жүргізеді, музыкалық жағынан дарынды балаларды анықтайды.
- Өткізілетін іс-шаралардың көркемдік безендірілуін, музыкалық сүйемелдеуді ұйымдастыруға қатысады.
- Дене тәрбиесі сабақтарына, спорттық шараларды өткізуге музыкаық сүйемелдеумен көмектеседі.
- Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне және әдістемелік жұмыстардың басқа да түрлеріне қатысады.