+7 771 367 63 68

KZ RU
Главная Біз туралы Мектеп әкімшілігі Қалдыбаева Айкерим Мейрамбаевна

Қалдыбаева Айкерим Мейрамбаевна

Документтер

Жылдық жоспар 2022-2023

Жылдық жоспар 2023-2024

Қалдыбаева Айкерим Мейрамбаевна  «11 санаториялық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушы педагогы. 1985 жылы 19-шы қараша ОҚО Сарыағаш ауданы Диханбаба елді мекенінде дүниеге келген. 2019 жылы Аймақтық әлеуметтік  инновациялық унверситетінің  дене шынықтыру және спорт мамандығын бітірген. 2021 жылы аталған мекемеге хатшы қызметіне қабылданып, 2022 жылдан бастап ұйымдастырушы педагог қызметін атқарып келеді.

 Лауазымдық міндеті

 - Мұғалімдер арасында сыныптан-тыс іс-шараларды ұйымдастыру.

 -  Инновациялық бағдарламалар, жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруде педагогикалық қызметкерлерге көмек керсетеді. Сыныптар бойынша зерттеу сабақтарының өтілу барысын басқарады.

 -  Оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру (кештер, мерекелер, саяхаттар т.б.), түрлі жарыстар, олимпиадалар өткізеді.

 -  Балалардың мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады

 -  Дарынды және мотивациясы төмен оқушылармен жұмысты ұйымдастырады.

 -  Оқушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауға алады.

 - ББЖМ-ға дайындықтың жоспарын жасау, оның орындалуын қадағалау. Оқушылардың байқау тесттеріне мониторинг жасау.

 - Пәндер бойынша бірлестіктердің жұмысына, методикалық және тәжірибе алмасу жұмыстарына басшылық пен бақылау жасайды.

 -  Мұғалімдердің тәжірибе алмасу мақсатында «озат» педагогтардың тәжірибесін тарату жұмысын жүргізеді.

 - Пәндер бойынша үйірме жетекшілерінің сабақтарының берілуі мен методикалық жұмыстары мен тәжірибе алмасуын және өзара сабаққа енуін, журналдарының толтырылуын бақылайды.

 -  Оқушылардың кәсібін саналы түрде таңдауға бағытталған қызметті жүзеге асырады.

 -  Білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға, мамандық таңдау бойынша шешім қабылдауда көмек көрсетеді.

 - Сабақтар өткізу кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалардың сақталуын қамтамасыз етеді, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жауапты болады. 

 

Политика конфиденциальности
Рейтинг@Mail.ru
Данный сайт использует файлы cookie и прочие похожие технологии. В том числе, мы обрабатываем Ваш IP-адрес для определения региона местоположения. Используя данный сайт, вы подтверждаете свое согласие с политикой конфиденциальности сайта.
OK